Now Reading
Токио Олимпиадасында Қазақстанның намысын қанша спортшы қорғайды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Токио Олимпиадасында Қазақстанның намысын қанша спортшы қорғайды

Токио Олимпиадасында Қазақстанның намысын қанша спортшы қорғайды

Токио-2020 Олимпиадасында қазақстандық спортшылар 27 спорт түрінен 96 олимпиадалық лицензияны жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Жапониядағы Олимпиада алдындағы іріктеу және рейтингтік жарыстар аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды. Ұлттық олимпиада құрамасына 95 спортшы енді.

Токиодағы Олимпиада ойындары 23 шілдеде ашылады. Спортшылар 339 медаль жиынтығы үшін таласады.

Ұлттық Олимпиада комитеті спортшылар мен жаттықтырушыларға атқарған жұмыстары үшін, армандарынан бас тартпай күн сайын жігерленіп алға қадам жасап келе жатқандары үшін алғыс айтады. Өз спорт түрлерін керемет құраммен Олимпиада ойындарында ұсыну және   максималды мөлшерде лицензияларды жеңіп алуға бар күш-жігерлерін салып келе жатқан ұлттық спорт федерацияларының, кешенді ғылыми топтар мамандарының, спорттық менеджерлердің үйлесімді жұмысын атап өткен жөн. 

Олимпиадалық құрам Токио ойындарына дейін екі қиын жылды бастан өткергенімен, қазақстандық спортшылар өздеріне, командаға деген сенімдерін жоғалтпады және өздерінің көрсеткіштерін жақсарту үшін жаттығуларын жалғастырды. Осы жағдайда біз қолдан келгеннің бәрін жасадық және өте керемет команда Токиоға аттанғалы отыр. Мен бүкіл олимпиадалық құрам атынан мемлекет басшысына және ел үкіметіне қолдау көрсетіп, қазақстандық спортшыларға барлық қажетті жағдайларды жасағаны үшін алғыс айтамын, — деді ҚР ҰОК Президенті Тимур Құлыбаев.

Қазақстан тұңғыш рет олимпиадалық бағдарламаның жаңа түрлері — жартасқа өрмелеу және каратэ бойынша өнер көрсетеді. Ойындарға альпинист Ришат Хайбуллин және Қазақстаннан бірінші болып бес каратэші: Асадилов, Әжіканов, Юлдашев және қыздар Жаңбырбай мен Берулцева барады.

Олимпиадалық команда жетекшілерінің бірі танымал қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова болатыны сөзсіз, бұл Олимпиада ойындары оның мансабындағы төртінші Олимпиада болады. Ольганың қоржынында олимпиадалық марапаттардың толық жиынтығы бар — бұған дейінгі барлық Олимпиадаларда Рыпакова ел үшін медальдер жеңіп алған болатын. 

Сегіз жылдық үзілістен кейін командалық спорттан жалғыз қазақстандық команда — су полосынан ерлер командасы Олимпиада ойындарына қатысады. Дәстүр бойынша боксшылар ерекшеленді, бұл спорт түрінен Қамшыбек Күнқабаев бастаған тоғыз спортшы ел намысын қорғайды. Сонымен бірге бокстан ерлер құрамасы барлық сегіз салмақ категориялары бойынша лицензия жеңіп алған. 

Гимнаст Милад Карими іріктеу кезеңін абыроймен өткізді — жалғыз өзі жеті лицензия жеңіп алған. 

Жүзуден үш лицензия бар, екеуі Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге тиесілі. 

Семсерлесуден лицензияны шпагашы Руслан Құрбанов Халықаралық семсерлесу федерациясының жеке рейтингі бойынша континенттік квоталар алған алты спортшының бірі болды. 

Афиныдағы Олимпиада ойындарынан кейін (2004) алғаш рет Қазақстанның үш велошабандозы топтық жарыста бақ сынайды. Бұл нәтижеге команданың жетекшісі Алексей Луценко үлкен үлес қосты, ол Қазақстанның активіне бүкіл Азия континентіндегі бірде бір командада болмаған көп ұпай әкеле алды. Үш лицензияны (спринт, омниум және кейрин) қазақстандық трек велосипедшілері жеңіп алды, ал спринт жарыстарында өнер көрсету лицензиясы Қазақстан үшін тарихи болып табылады. Бұған дейін қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында осы спорт түрі бойынша ешқашан қатысқан емес.

20 жылдан кейін үш қазақстандық тағы да Олимпиадалық ойындарда садақ атудан командалық жарыстарға қатысады.

Он бір лицензияны күрес түрлері бойынша спортшылар жеңіп алды, жеті лицензия теннисшілер есебінде, алтауы есу мен каноэде есу спорт түріне тиесілі. 

Дзюдошылар оның ішінде тәжірибелі Елдос Сметов рейтингтік турнирлердің нәтижелері бойынша алты лицензия жеңіп алды. 

Қазақстан командасының үстел теннисінен екі лицензиясы бар, таеквондо мен есу слаломында да екі лицензия бар. 

Қазіргі уақытта ҰОК халықаралық федерациялардың кейбір іс-шаралардағы лицензияларды қайта бөлу нәтижелерін күтуде.

Олимпиадаға қатысушылардың соңғы тізімдері 5 шілдеден кейін белгілі болады.

Қазақстандық делегацияның көпшілігі екі апталық карантиннен кейін Токиоға аттанады. Спортшылардың қауіпсіздігі — бұл бірінші кезектегі міндет, деп атап өтті Ұлттық Олимпиада комитеті.

Енді маңызды міндеттердің бірі олимпиадалық ойындар басталар алдындағы соңғы күндерді ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып қала береді. «Токио-2020» Ұйымдастыру комитеті мен Халықаралық Олимпиада комитеті ойындарға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін арнайы ереже кітапшалары — «ойын кітапшаларын» шығару арқылы бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдауда. Олардың қатарына спортшылардың және делегациялардың басқа мүшелерінің қозғалысын шектеу, ҰОК және халықаралық федерациялардың өздерінен келетін делегациялардың санын едәуір қысқарту және күнделікті ПТР сынақтары, Олимпиада ойындарына қатысушылардың орналасқан жерін арнайы мобильді қосымшалар арқылы үнемі бақылау енеді. 

Команда Жапонияға 16 шілдеде «Эйр Астана» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған чартерлік рейспен ұшады.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 маусымда Токио Олимпиада стадионында өтеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×