Нұр-Сұлтан қаласында Елорда күніне орай көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды.
«Астана күні қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысандар ашылды. Соның ішінде көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балалар қазірдің өзінде бұл мекемеге барады. Балабақшада балалармен мұғалімдер және медицина қызметкерлері де айналысады. Бұл баланың физикалық және ақыл-ой дамуының ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, баланы жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру, балалардың мектепке даярлығын қамтамасыз етеді.
Мекемеде физиотерапия, логопед-дефектолог, офтальмолог және т.б. мамандар кабинеттері бар», — деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Қала басшысы атап өткендей мемлекет басшысының тапсырмасымен елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарының желісі кеңейтілуде. Мәселен өткен жылы No1 қалалық балалар ауруханасының базасында Тұңғыш Президент қоры мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ бірқатар оңалту орталықтарына «Асыл Мирас» аутизм орталығы, «Ерекше балалар», «Орда» және мектептердегі инклюзия бөлмелеріне қолдау көрсетілді.
«Сонымен қатар біз жаңа тұрғын үй кешендерінің 1 қабаттарында оңалту орталықтарын ашып жатырмыз. Паралимпиадалық дайындық орталығымен бірлесе отырып біз мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенінің құрылысын жүргізудеміз. Сонымен қатар біз білім беру мекемелерінің құрылысына да назар аударудамыз. Мысалы Алматы ауданында 2400 орындық мектеп салынып бітуге дайын (мектеп екі ауысымда жұмыс істейді; орналасқан жері Майғайық көшесінің қиылысы — А 351). Оқу орнында инклюзивтік бөлмелер, «Абайтану», «STEM», «Intellectum» және бейне сабақтарын түсіруге арналған студия бар. Бұл балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Жалпы биыл біз 15 мектеп саламыз, бұл 40 мыңнан астам жаңа орын. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе, ал 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Алдағы 5 жылда елордада 67 мектеп салу жоспарланған. Сонымен қатар біз білім беру мекемелерінің құрылысына жеке инвестицияларды тартып отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», — деп түйіндеді А. Көлгінов.