Now Reading
Дария Дмитриенко есімді ерекше қыз Ақмола театрының актрисасы
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Дария Дмитриенко есімді ерекше қыз Ақмола театрының актрисасы

Дария Дмитриенко есімді ерекше қыз Ақмола театрының актрисасы

«Му-Му» қойылымында әдемі және талантты қызды көріп, көрермендер алдарындағы сахнада керең-мылқаудың рөлін шебер сомдаған кәсіби актриса екендігіне бір минут та күмәнданбады. Даша үшін «Жүрекпен есту сыйы» жобасы аясында нағыз актерлермен қатар өнер көрсету қаншалықты қиын екендігін өзі ғана біледі. Ол көрермендердің қошеметін ешқашан естімеген. Дарияның әлемінде дыбыстар жоқ. 20 жастағы Дарья Дмитриенко өмірде не ұнайтынын және театрға не үшін келгенін айтып берді.

Дашамен сөйлесуге ым тілі маманы Тамара Шевченко көмектескен. Ол «Му-Му» шығармасына дейін Ақмола облыстық орыс драма театрының (АОРДТ) труппасына ым тілінен сабақ берген.

«Туғаннан біздің сүйікті және көптен күткен баламыздың естуге еш байланысы жоқ патологиясы болды. Ол өңеш атрезиясымен ауырды, Дашаға күрделі операция жасалды. Сол кезде бұл операция сәтті болып, бала тірі қалғанда бұл елдегі екінші және біздің облыстағы бірінші жағдай болатын. 21 ғасырдың басында мұндай операциялар сирек жасалды және өкінішке орай сәтсіз аяқталатын еді. Біздің жолымыз болды, өте жақсы хирургтар оны құтқарып қалды. Бірақ отадан соң қалпына келу және күрделі емдеу барысында баланың есту қабілеті нашарлады», — дейді Дашаның анасы, Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Ольга Луцива.

Қыздың анасы баланы тәрбиелеуде ешқандай қиындықтар болмағанын мойындайды, өйткені отбасының барлық ойы тек баланың аман қалуы болды.

«Ол бала кезінде өте белсенді болды, оның дыбыстық сигналдарға жақсы жауап бермейтінін түсіну үшін біраз уақыт қажет болды. Екі жасқа толғанда, біз ерекшелікті байқадық. Біз есеңгіреген жоқпыз, ең бастысы — баланың аман, шапқылап жүргені маңызды болды. Оның операциясы бізді туғаннан бастап шыңдады және барлық қиыншылықтарды, соның ішінде есту қабілетінің төмендеуін оңай қабылдадық», — деп жалғастырады О. Люцива.

Даша өсе бастаған кезде, ата-анасы одан әрі өмірінде есту қабілеті қатты қажет болмайтындай қандай бағытты дамыту керек деген ойда болды. Дашаның арғы атасы суретші болғандықтан және ол сурет дәптері мен кеңестік суреттерді мұра етіп қалдырғандықтан, оны бала кезінде Көкшетау қаласындағы балалар шығармашылығы үйінің базасындағы студияға жіберген.

Ол жерде екі жыл байқалмай өтті, Даша сурет салғанды қатты ұнатты, ал ата-анасы қызды осы бағытта одан әрі дамыту туралы шешім қабылдады. Даша балалар көркемсурет мектебіне түсіп, одан кейін қосымша курсты бітірді, сонымен қатар Гранат студиясында тәрбиешіден жеке білім алған.

«Ал мектепті бітіргенде жаңа таңдау пайда болды — бұл өмірде кім болу керекдеген, бәрі шешіліп, ол дизайн бөліміне оқуға түсті. Біз Дашаның «Театр мен кино гримері» бағытын таңдағанын қалап едік, бірақ ол мектепті бітірген жылы астанада бұл мамандыққа іріктеу болған жоқ. Даша Көкшетауда қалып, Ақан сері атындағы мәдениет колледжіне интерьер дизайнері мамандығы бойынша оқуға түсті. Ол «Қоюшы суретші» екінші мамандығын алып үлгерді. Келесі жылы ол колледжді бітіріп, «Интерьер дизайнері» дипломын алады. Мен баланың шығармашылық қабілетінің өсіп келе жатқанына және оған ұнайтындығына өте қуаныштымын. Алда көптеген жоспарлар бар. Бірақ мен Дашаның ешетеңеден бас тартпағанына қуаныштымын. Ол әйгілі суретші болмас, біз мұндай мақсатты көздеген жоқпыз, бірақ баланың қабылеті бар, ал болашақта ол театрда қоюшы-суретші, визажист, бутафор, сахна әрлеушісі ретінде жұмыс істей алады. Бірақ әзірге ол жоғары білім алуды жоспарлап отыр», — деп қосты қыздың анасы.

Даша өзі туралы әңгімесін театрда пайда болған кезден бастайды. «Басында мен актер ретінде осында келемін деп ойлаған да жоқпын. Режиссер Тимур Валиев бір жобаға қатысуымды өтінді. Мен ұзақ ойланып, келістім. Менің кейіпкерім Любовь Любимовна менің бейнем емес. Оның бойындағы барлық нәрсе менікі емес еді. Бұл өте ерекше және тіпті ыңғайсыз болды. Менің басым қатып кетті. Менің бойымда қорқыныш пен ұят пайда болды, өйткені мен қатыгез болуым керек еді, мен өзім ондай адам емеспін және ойнауға үйрене алмадым. Мені күнде оқытты. Тек соңына жеткенде ғана өзімнің қандай болуым керек екенін түсіндім және ашылдым», — дейді қыз Тамараның көмегімен.

Дашаның айтуынша, пьесаның атауын ести сала бірден не талқылайтынын түсінген.

«Біздің команда ымдау тілін білмеген және бізге бір-бірімізбен сөйлесу қиын болды. Бұл маған ауыр тиді, өйткені олар маған, мен оларға ештеңе жеткізе алмадым. Содан кейін жобаға сурдоаудармашы Тамараны шақырғанда, бұл оңай әрі қызықты болды. Актерлер труппасы ымдау тілін оқығанда, сол кезде олар саңырау адамның өмірі қандай болатынын түсіне бастады. Олардың мені түсінгендері мені қуантты. Біз бір-бірімізді жүрегімізбен естігендей болдық», — дейді Даша.

44-ші театр маусымының жабылу салтанатында Дарья Дмитриенко театр әкімшілігі тағайындаған арнайы сыйлыққа ие болды. Бойжеткен мойындағандай, ол мұндай тосынсыйды мүлде күтпеген еді және өзінің жұмысы атап өтілгеніне риза екендігін жеткізді. Алайда Даша өзіне актерлермен жұмыс істеген қатты ұнағаның және болашақта басқа қойылымдарда ойнауға қарсы болмайтынын мойындады.

«Менің есімде, менің анам жас актриса болған кезде, мен оның жанында жиі болып, оны қалай гримдеп жатқанын көретінмін. Маған ол ұнайтын. Мүмкін сондықтан да мені макияж баураған шығар. Мен суретке түскенді де жақсы көремін. Бірақ барлық бағыттардың ішінен мен ең көп сурет салғанды ұнатамын. Менің ойымша, бұл менің дарыным, ал қалғанның бәрін «хобби» деп атаймын, — дейді қыз.

Әрине біз инклюзивті білім беру мәселесін және біздің мемлекетіміздегі ерекше балаға ғылым негіздерін түсіну мүмкіндігін назардан тыс қалдыра алмадық.

«Колледждің бірінші курсынан бастап өте қиын болды. Елестетіп көріңізші, топтағылардың бәрі сөйлеседі, ал мен саңырау болдым. Сіз өзіңіздің тыныш әлеміңізде отырғанда, олардың сізден не қалайтынын түсіну қиын. Бірақ содан кейін біз курстастарымызбен хат жазыса бастадық. Қыздар маған көмектесті — олар екі-екіден айтылғандар туралы хабарлама жіберді, содан кейін мен оны кітаптардан оқыдым. Екінші курстан үшінші курсқа дейін бәрі жақсы болды, мен айналамдағыларды түсіне бастадым, бәрін бақылап, қайталай бастадым. Маған мұғалімдер бәрінен көп көмектекен шығар, олар маған бір нәрсе түсіндіріп беруі керек кезде олар менің иығымнан түртіп назарымды аударатын. Менімен жеке жұмыс жасайтын. Олар маған өзгелерге қарағанда әлдеқайда көп көмектесті», — деп еске алады Даша.

Қарапайымдылығынан Даша марапаттар туралы айтуды ұнатпайды, бірақ Дашаның көптеген марапаттары бар. Ол республикалық «Жұлдызай» байқауында бірінші орынды иеленген. Бүгінде Дашаның туындыларын АОРДТ ғимаратынан көруге болады, кішігірім көрме көрермендер залының кіреберіс фойесінде орналасқан.

«Мен шынайы өмірде қандаймын? Барлығы менің қарапайым екенімді айтады. Бірақ кейде өзіме сырттай қараймын, өзімді еркін сезінемін, бәрінен алшақ, маған ештеңе керек емес күй кешемін. Мен көбінесе болашақ туралы ойлаймын. Не істеймін? Бірақ мен әрдайым уақыт көрсетеді деген ойға тоқтаймын», — деп толықтырды Даша соңында.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×