Елорда аудандары «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында орталықтандырылып дамуда. Бұл білім беру, медицина, әлеуметтік тұрғын үй нысандары, белсенді демалыс орындары және т. б. жақын жерлерде орналасуы.
Төрт тұрғын алабында (Өндіріс, Көктал, Үркер (Ильинка), Железнодорожный) ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда. Көктал және Өндіріс елді мекендерінде Фокстың құрылысы аяқталды.
Алтай Көлгінов Көктал тұрғын алабында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешені шын мәнінде спортпен шұғылдану алаңы ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету орталығы болып табылады. Бұл кешенде полицияның тірек пункті орналасқан.
-Бұдан басқа, Есіл өзенінің жағалауындағы Триатлон-паркте, теміржол вокзалында, Орталық саябақта, Тұран даңғылы жағынан және бас кіреберістің алдында полицияның модульдік бекеттері жұмыс істейді. Биылғы жылы қадамдық қолжетімділік аясында елорданың барлық аудандарында модульдік типтегі бекеттер ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту үшін жүргізілуде.
Сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде ХҚКО болады. Бұдан басқа, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде қарт адамдарға арналған қызығушылық клубтары, спортпен айналысуға арналған залдар (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тренажер залы, күрес, бокс), сондай-ақ ұлттық ойындарды оқыту залдары және т. б. бар.
Тұрғындар дене шынықтыру-сауықтыру кешендеріне тегін бара алады.
Тұрғын үй массивтерін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дамытудамыз. Соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға аса назар аударылуда. Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деп атап өтті әкім.