Now Reading
Елордада қол жетімді тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада қол жетімді тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді

Елордада қол жетімді тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді

Елорда басшылығының басты мақсаты қаланы тұрғындарға барынша ыңғайлы ету болып қала береді. Ай сайын дерлік Нұр-Сұлтан қаласында жаңа кешендер мен тұтас тұрғын аудандар пайдалануға берілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

2020 жылы 80% жеке инвестиция есебінен 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Мемлекет басшысының елордада қол жетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттыру туралы тапсырмасы орындалды. Осы бағытта Нұр-Сұлтан әкімдігі жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Мәселен, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілді, 2019 жылы — 2900, 2020 жылы — 7 мыңнан астам азамат жаңа баспана кілтін алды. 2021 жылы 10 мыңнан астам қол жетімді пәтер салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта елордада 48 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.

2019 жылдан бастап бағдарламаның шарттары өзгертілді, қазір кезекте тұрғандар баспананы келісімшартты мерзімсіз ұзарту құқығымен сатып алу құқығынсыз алады.  

Барлығы 11 жеке санаттағы азаматтар әлеуметтік тұрғын үй алуға өтініш бере алады. Сонымен қатар көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несиелеу шеңберінде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар әкімдіктен алғашқы төлемді өтеу үшін 1,5 миллион теңгеге сертификат ала алады.

«Екі жыл бұрын менің ата-анам әлеуметтік бағдарлама бойынша пәтер алды. Бұл жаңа үй. Бізбен бірге бұл үйде әлеуметтік осал топтаңы отбасылар, соның ішінде көп балалы отбасылар, мүгедектігі ар жандар пәтерлер алды. Мен ПИК тобының мүшесімін және адамдардың бір-бірін қалай белсенді қолдайтынын, азаматтық сана-сезімін көрсетіп, тұрғын үйлерін қалай жақсартуға атсалысатынын көріп жүрмін. Олар жергілікті аумақты белсенді дамытып, олар көршілеріне қамқор болып, барынша дос болуға тырысады», — деді «Мадени Астана» қоғамдық бірлестігінің өкілі Асқар Жапаров.

Елорда күні Нұр-Сұлтан қаласында кезекте тұрған 400 отбасы көптен күткен пәтерлердің кілттерін алды. Олардың арасында жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедектігі бар жандар, зейнеткерлер және т.б. бар. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бұған дейін айтқанындай, биыл Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін 1000-нан астам жас азамат баспана алады.

«Осы мың пәтерден басқа, осы жылдың басында тағы 350 жастар өкілі кілт алды. Сонымен қатар 2021 жылы біз жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын (әлеуметтік несиелеу) іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деді қала басшысы.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×