Now Reading
Қазақстанда грант алуға арналған конкурстың басталу күні аталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда грант алуға арналған конкурстың басталу күні аталды

Қазақстанда грант алуға арналған конкурстың басталу күні аталды

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталады.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қабылдау электронды түрде жүргізіледі.

 

ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтін болады, олар талапкерлерге бейнебайланыс арқылы кеңес беретін болады. Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ — ның екі нәтижесінің бірімен конкурсқа қатыса алады, -деп нақтылады баспасөз қызметінен.

 

Өтініш берген кезде талапкерлерге аттестаттың, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 сандық фотосуретті, сондай-ақ басқа да растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

 

Егер талапкер «Алтын белгі» иегері болса немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталса, онда ол баллдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарында да осындай артықшылық бар. Мұндай жетістіктер ескерілуі үшін құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет.

 

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші халықаралық тіл сертификатының атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

 

Айта кету керек, биыл білім беру гранттарын бөлу кезінде ҚР БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді.

 

ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарында грантқа үміткер бола алады.

 

«Педагогикалық Ғылымдар» — кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» — кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» — кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына-кемінде 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде бес балл жинау қажет.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×