Now Reading
Вакцинациядан бас тартқан жағдайда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығара алады ма
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Вакцинациядан бас тартқан жағдайда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығара алады ма

Вакцинациядан бас тартқан жағдайда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығара алады ма

Жұмыс беруші ерікті вакцинациялаудан бас тартқан жағдайда қызметкерді жұмыстан шығаруға және вакцинациялаудан бас тартуына байланысты қызметкерді кемсітуге құқылы ма? Электрондық үкімет сайтында еңбек және әлеуметтік қорғау министріне осындай сұрақ қойылды.

 

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. ҚР заңнамасымен вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған, — делінген Еңбек министрлігінің жауабында.

 

Сонымен қатар, денсаулық туралы Кодекстің 104-бабының 1-тармағына сәйкес, инфекциялық және паразиттік аурулардың ҚР аумағына әкеліну немесе республиканың бүкіл аумағына таралу қаупі төнген жағдайда ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде немесе кәсіпкерлік немесе өзге де қызмет пен халықтың өмірінің ерекше жағдайлары бар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізеді.

 

Осыған байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тиісті қаулылар қабылдауда.

 

№ 67 қаулысымен енгізілген:

 

-ұйымдардың/объектілердің қаулысында көрсетілген covid-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін (соңғы үш ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және covid-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа рұқсат беруді шектеу

 

-осы қаулының 6-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу (соңғы үш ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда).

 

Осыған байланысты жұмыс беруші:

 

1. COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерге қашықтықтан жұмыс түріне ауысуды ұсыну (мұндай мүмкіндік болған жағдайда);

 

2. қашықтықтан жұмыс істеуден бас тартқан немесе жұмысты қашықтықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда ҚР Еңбек кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес жалақысы сақталмай шеттетілсін. Бұл ретте жұмыс беруші уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау үшін басқа қызметкерді қабылдауға құқылы болады.

 

3. жұмысты қашықтықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмысты күндізгі режимде жүзеге асырғысы келсе, қызметкер өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде бір рет) өтуі қажет.

 

Сонымен қатар, тараптардың келісімі бойынша міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде бір рет) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін екендігі көрсетіледі.

 

Осылайша, жұмыс берушінің вакцинациядан бас тартуына байланысты қызметкерді жұмыстан шығаруға құқығы жоқ, — деп атап өтті Еңбек министрлігі.

 

Өздерінің еңбек құқықтарын қорғау үшін жұмыскерлер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына өтінішпен жүгінуге құқылы.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×