Now Reading
Бәрінен айырылып махаббатын тапқан алматылық чемпион
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бәрінен айырылып махаббатын тапқан алматылық чемпион

Бәрінен айырылып махаббатын тапқан алматылық чемпион

Бүгінде Азия ойындарының трамплиннен секіруден чемпионы Евгений Левкин балдақтардың көмегімен пәтер ішінде қозғала алады, тіпті 200 метр қашықтықты бағындыра алады. Бірақ сегіз жыл бұрын дәрігерлер Евгенийге бұл мүмкін емес деген үкім айтқан. 

Спортшы мінген көлік үлкен апатқа ұшыраған. Ол кезде Евгений 20 жаста болатын. Чемпион тілшілермен кездесіп өзінің жаңа өмірін қалай қабылдағаны туралы әңгімелеп берді, сонымен қатар өміріңдегі жағымды жаңалықтарымен бөлісті. Жаңа өмірінде Евгений махаббатың кездестіріп, сұхбатқа бірге келген. 

Евгений Левкин кім 

Евгений Левкин — қазақстандық трамплиннен секіруші, 2011 жылғы Азиада чемпионы. Евгений өзінің балалық шағында басты ойын-сауық көше болғанын айтады. Содан кейін экрандарда сенсациялық «Бригада» сериалы пайда болады, ал балалар сол экрандағы кейіпкерлер сияқты болуға тырысты. Оны жаман әдеттерге бой алдырмас үшін апкесі трамплиндерге апарған. Бастапқыда, өзі мойындағандай, ол жерге мәжбүрлеген соң баратын, кейінірек ол жерде достар тауып, қатты араласып кеткен. Үш жылдан кейін мен жастар құрамасына кірдім. 16 жасынан бастап, ол жасөспірімдер құрамасында болғанымен, ұлттық құрамада жарыстарға қатысып жүрген, 17 жасында ұлттық қарамада өзінің толыққанды орнын алған. 2012 жылдың қарашасында Евгений апатқа ұшыраған. Жігіттер мінген көліктің жүргізушісі басқа көлікпен соқтығысып қалмауға тырысып, олардың көлігі аударылып қалады. Евгенийге «мойын омыртқасының сынуы» диагнозы қойылады, екі омыртқа зақымданып, ол мүгедектігі бар жандарға арналған арбаға отырады.

«Мен ол кезде бірге жүрген жігіттермен әлі де араласамын. Бұл жағдайда ешкімнің кінәсі жоқ. Түнде қараңғы жолмен жүргенде кез келген фаралар көзге сондай кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдай біздің де басымызға түсті. Мен белдікті қате байлаппын, белдікті тура мойын тұсымнан бекітіппін. Біз бәріміз машинада белдік тағамыз, бірақ оның қалай жұмыс істейтінін ешкім білмейді. Егер ол төмендетіліп бекітілсе жағдай басқаша болар ма еді».

 

Денсаулық туралы

«Бастапқыда дәрігерлер маған ешқашан жүрмейтінімді айтты. Дәрігерлер мен ешқашан бос үміттенбеуім үшін сондай жауап айтқан болу керек. Бүгінгі таңда мен балдақтармен пәтер ішінде  жүремін, кереуеттен дәретханаға дейін мен бір деммен жүре аламын, егер отырсам, қайта тұрып жүре аламын. Мен 100-200 метрге дейін жүре аламын.  

Менің ойымша, біз бір нүктеге соққы бере беруіміз керек, сонда бір нәтиже берері анық. Мен жай осындай адаммын, мен үшін жоқ деген жауап қозғаушы күш. Егер маған «жоқ» десе, онда мен оның «иә» екенін дәлелдеймін. Бұл спортшының осындай кәсіби қасиеті. Спортта нәтижеге жетудің басқа амалы жоқ. Рух та, мінез де болуы керек.

Сонымен бірге мен өзіме ертең осыны бағындыруым керек деп айтпаймын. Егер бұл ай сәтсіз болса, онда келесі ай нәтижелі болады, ең бастысы — бас тартпау керек және әрқашан позитивті болу керек. Жалпы менің өмірдегі ұстанымым — бәрі өз ретімен болады. Мен ештеңе жоспарламаймын, күн басталсын жағдайдың өзі белгілі болады. Егер бірдеңе жоспарлап, ол орындалмай жатса, осыдан түрлі реніштер туады».

Депрессия туралы

«Депрессия болды, онсыз еш жерде болмайды. Ол бір жарым айға созылды, қиын болды. Ол кезде мен Ресейде оңалтудан өтіп жаттым. Сол жерде мен теледидардан жарыстарды көрген кезде қатты сезіндім. Сосын басылды, ешбір антидепрессанттарға, сондай-ақ психиатрларға жүгінбедім. Бала кезімнен мен психиатрға баратын болсам, мен өзімді ауру деп есептеймін деген түсінік қалыптасқан, оларды стоматологтарды сияқты ұнатпаймын, сондықтан мен олардың қызметін пайдаланбаймын.

Мұңаюға уақыт жоқ, өмір тез өтіп кетеді. Сіз қартайған кезде мұнаярсыз, бір жерде бақшаңыз суарып отырып қалағаныңызша мұңға батуға болады. Ал қазір 30 жаста, қайдағы  қайғыру, өмір деген гүлденуде, білім алу керек, ақша табу керек, теңізге барғым келеді».

Күнделікті өмірдегі қиындықтар туралы

«Алматыда түсіне бермейтін жерлер бар. Мысалы әл-Фараби даңғылында гольф клубының жанында пандус бар, бірақ ол жұмыс істемейді. Ол пандуста домофонда сияқты белгілі бір жүйе бар, сіз кілтін пайдалануыңыз керек, бірақ ол кілтті алу үшін көптеген проблемалар бар. Алдымен сіз әкімдікке баруыңыз керек, ол жерде олар сұрақтар қоя бастайды, егер сіз басқа жерде тұрсаңыз сіз бұл көшені не қылмақсыз?!  Неге мүгедектік туралы анықтама бергенде бірден сол пандустың кілтін бермеске…

Үлкен жерлерде, үлкен дүкендерде, кафелерде бәрі азды-көпті, бәрібір қандай да бір жолмен көмектесуге тырысады, бірақ өркениетті ортадан сәл алысқа кетсеңіз қиындау. Талдықорған шағын қалашық болса да, пандустар және басқалар тұрғысынан өте жақсы дамыған. Мысалы қолмен жасалған тренажерлер жаттығу залы бар, оны еш жерден сатып ала алмайсыз, барлығы қолмен, дәнекерлеп отырып жасалған, мен сол жерде оңалтудан өттім».

Президентке қойылатын сұрақ туралы 

«Егер Президентпен тікелей байланыс болған болса, мен баспана туралы сұрар едім. Бізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік бағдарламалар бар, бірақ олардың барлығы бірдей біз қалағандай жұмыс істемейді.

Бірде анам екеуміз жүріп, тегін пәтерге кезекке тұрғымыз келді. Құжат тапсыруға барғанда олар бізге тұрғын үй сатып алу құқығымен берілетіндіктен, жалақыңыз өте аз деген жауап алдық. Ал басқа жерде сіз әлеуметтік көмекке жүгіну үшін тым көп аласыз деген жауап алдық. Осылайша олар бізді бір жерден екінші жерге жіберумен болды. 

Шындығында сонша үй салынып жатыр, неге оларды қажет жандарға бермеске, өйткені адамдар ерте ме, кеш пе қайтыс болады, сол кезде ол пәтерлер мемлекетке қайтады немесе 30 жыл бойы сатып алу құқығымен салымсыз етіп жасалса. Баспана алуға зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат етілген, бірақ менде ұлттық құрама сапында болған кезде өте аз мөлшерде жарна жинақталған, бүгінде мен жарна жасап жатқан жоқпын, ал пәтерлер бағасы өте қымбат. 

Сұрақ осы: мен сияқты жағдайға тап болып, жаттықтырушының жалақысымен ипотека ала алмайтын адамдар не істеуі тиіс? 

 

Мотивация туралы

«Егер кітаптар туралы айтатын болсақ, мені Омар Хайям мен оның өлеңдері қатты қызықтырады. Бәрі керемет айтылған. Ақын баяғыда қайтыс болды, ал оның жазғаны әлі де маңызды.

Адамдарға келетін болсақ, маған Симон Амман қатты ұнайды, мен оған трамплиннен секіру стилінде де, жеке тұлға ретінде де ұқсағым келеді. Ол төрт дүркін Олимпиада чемпионы және ол әрқашан супер позитивті.  Симон 40 жаста бірақ әлі секіреді, оның уақыты өтіп жатыр, бірақ соған қарамастан әлі де  ондыққа енеді. Мен оның қарапайымдылығына өте ризамын, ол әрқашан бәрімен амандасып қарапайымдылық танытып жүреді.

Егер біз музыка туралы айтатын болсақ, онда мені көп нәрсе шабыттандырады, бірақ Моргенштерн емес, әрине. Мәселен, «Локомотивтің» капитаны Иван Ткаченко өзінің хоккей командасымен бірге апатқа ұшырады. Бір балаға емес, көптеген балаларға көмектескен. Міне адамдық көрінісі. Бұл туралы бәрі біле бермейді, сіз көмектестіңіз, ең бастысы сіз оны өзіңіз үшін жасадыңыз. Сізге ештеңе сұраудың қажеті жоқ, барлық жақсылықтар әрқашан қайта оралады».

 

Жұмыс, марафондар және футбол туралы

«Қазір мен балалармен көбірек жұмыс істеймін. Болашағынан үміт күттіретін бірнеше жігіт бар. Біз ұлттық құрамамен жаттығу жиындарына, кейде Щучинскке барамыз. Мен сонымен қатар «Алматы» хоккей клубының жарыстары, Қазақстан чемпионаты туралы, YouTube-те пікір білдіремін. Маған бұл өте ұнайды, сен ол жерге жұмыс жасағандай бармайсың, бірақ ол үшін ақы төлейтіні — бұл ерекше бонус сияқты мен үшін. Бір кездері бұл арманға «Kazsport» телеарнасы көмектесті, мен бұл үшін оларға өте ризамын.

Бос уақытымда футболдан Еуропа чемпионатын тамашаладым, сол жерде көптеген сенсациялар болды. Венгрия — Германия ойын нәтижесі 2:2, кім ойлаған! Бұл матчта бәрі болды: жеңіске деген ұмтылыс және арманнан бас тартпау. Германия құрамасы бұрынғыдай емес немесе бапкер шаршады деп ұзақ айтуға болады, бірақ бұл жай сөздер.

Тағы бір нәрсе, бұл чемпионатқа Солтүстік Македония мен Финляндия қатысты. Финдер бірінші рет қатысып, тіпті жеңіске жетті, бірақ олар көбінесе хоккейшілер. Солтүстік Македония кішкентай ел болып көрінеді. Ал Қазақстан ше?! Неге біз Солтүстік Македониядан нашар ойнаймыз?

Мен сондай-ақ қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаевпен марафондарға үнемі қатысамын. Ол мені кез келген жерге шақырып жүреді, бір кездері ол маған Қытайға оңалту үшін баруға көмектесті, өте жақсы адам, мейірімді, жанашыр, ол соншама тауларды бағындырды. Бір күні маған ол, жүр, жүгірейік, деді, мен келістім, содан марафонға қатыса бастадым.  

Махаббат жайлы

«Менің дос қызымның есімі — Настя. Ол кәсіби гимнаст және биші. Институтта біз онымен тіпті сөйлескен де жоқпыз, мен іс жүзінде ол жерге жылына үш рет баратынмын, өйткені үнемі жиындар, жарыстартарда жүрдім. Сондықтан уақытым спортпен өтетін.

Шамамен үш жыл бұрын біз Настямен «Алма-Ата — менің алғашқы махаббатым» фестивалінде кездестік. Бірақ сол кезде де олар бір-біріне назар аудармаған. Тағдыр бізді қалай да қосты. Өткен жылы біз сыныптастармен кездесуді шештік, ал Настя маған хат жазды. Екі апта бойы біз үздіксіз хат жазысып, содан кейін кездестік, бәрі сол кезде басталды».

«Біздің мінездеріміз бірдей, екеуміз де мазасызбыз. Өмірде бізді спортқа деген сүйіспеншілік және өмірге деген көзқарас біріктіреді, бірақ қызығушылықтарымыз әр түрлі. Мен, мысалы, экшн-фильмдерді жақсы көремін, бірақ Настя оларды ұнатпайды, ол «Игра престолов» фильмін ұнатады, маған ол фильм мүлде ұнамайды. Бірақ біз бос уақытымызда достарымызбен кафеде отырғанды немесе жай серуендегенді ұнатамыз».

«Маған оның мені тыңдайтыны ұнайды, мен оны тыңдаймын, бізде өзара түсіністік бар, — дейді Анастасия, — көбіне отбасыларда ер адам жұмысбасты болады, ештеңе білмейді, баласын көрмейді. Ал бізде олай емес, Женя барлық нәрседен хабардар, үнемі барлық жағдайға қатысып отырады, мен үшін бұл маңызды. Мен трамплинде көмектесіп, спортшылармен жұмыс жасаймын, ортақ іс бізді біріктіреді.

Женя бәрін жасай алады, онымен ешқандай шектеулер сезбеймін, өзімді тыныш, еркін сезінемін және біз басқаларға қарағанда көп қыдырамыз. Қалағанымызды жасап өмір сүріп келеміз. Маған ешқандай қиындық сезілмейді, екі жарты бірігіп кеткендейміз».

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×