Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар жандар құқықтары туралы конвенцияға факультативті хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын әзірлеуде, ол мүгедектігі бар жандарға қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған. Бұл туралы ҚР Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құжат БҰҰ-ның мүгедектігі бар жандар құқықтары туралы конвенциясына қосымша келісім болып табылады, оны Қазақстан 2015 жылы 20 ақпанда ратификациялады. Конвенцияға сәйкес, оны ратификациялаған мемлекеттер мүгедектігі бар жандар үшін жеткілікті өмір сүру деңгейін және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды, соның ішінде заңнамалық шараларды қабылдауы керек. Қазіргі уақытта заң жобасы мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтуде.
«Факультативтік хаттаманы ратификациялау Қазақстан Республикасының азаматтарына экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық қорғауға құқық береді. Хаттама Конвенцияда көрсетілген осы құқықтар бұзылған жағдайда жеке шағымдарды қарау тетігін белгілейді. Осындай тетіктер Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактімен, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциямен және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенциямен қарастырылған», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукенов.
Факультативті хаттаманы ратификациялағаннан кейін тараптар БҰҰ-ның мүгедектігі бар жандар құқықтары жөніндегі комитеттің жеке адамдардың немесе топтардың Конвенцияға сәйкес құқықтарының бұзылғаны туралы шағымдарды қарау құзыретін мойындауға келіседі. Комитет қатысушы мемлекеттен ақпарат сұрай алады және оған ұсыныстар жасай алады. Сонымен қатар тараптар Комитетке Конвенцияда бекітілген құқықтарды «ауыр немесе жүйелі бұзушылықтарды» тергеуге, хабарлауға және ұсынуға өкілеттік бере алады.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді. Мүгедектігі бар жандар құқықтары туралы конвенцияны және Мүгедектігі бар жандар құқықтары туралы конвенцияға факультативті хаттаманы БҰҰ-ның 2006 жылғы 13 желтоқсанда қабылдауы адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын ілгерілету, барлық мүгедектігі бар жандар тарапынан және олардың қадір-қасиетін құрметтеуге ықпал ету, қорғау және толық, тең дәрежеде пайдалануын қамтамасыз ету үшін қабылданды. Қазіргі уақытта Конвенцияға 97 мемлекет қатысады, оның ішінде көрші елдер — Әзірбайжан, Армения, Монғолия және Украина бар.