Now Reading
Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңа өзгерістер мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қорғауға қатысты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңа өзгерістер мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қорғауға қатысты

Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңа өзгерістер мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қорғауға қатысты

Бұл Қазақстан Президентінің тапсырмасы болатын. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары «Мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасын дайындауда. Бұл құжат әлеуметтік белсенділер түсіндіргендей, мүгедектігі бар жандарға қатысты кемсітушілікті  жоюы керек. Бұл БҰҰ-ның мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенциясына қосымша болмақ. Қазақстан бұл конвенцияны 2015 жылы ратификациялады.

Заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер не береді? Ең алдымен Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық қорғау құқығын береді. Атап айтқанда осы құқықтар бұзылған жағдайда жеке шағымдарды қарау тетігін жасайды. Нәтижесінде БҰҰ Мүгедектігі бар жандар құқығы жөніндегі комитетте мүгедектерге қатысты өрескел немесе жүйелі бұзушылықтарды тергеуге толық негіз болады. Еңбек министрлігінің мамандары сендіргендей, бұл республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді. 

Бүгінде осы Конвенцияның қатысушыларының саны 97 мемлекет, оның ішінде көрші елдер — Украина, Әзірбайжан, Армения бар.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...