Now Reading
Алматылық әйел саябақта мүгедектігі бар қызға «шабуыл» жасауының себебін түсіндірді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматылық әйел саябақта мүгедектігі бар қызға «шабуыл» жасауының себебін түсіндірді

Алматылық әйел саябақта мүгедектігі бар қызға «шабуыл» жасауының себебін түсіндірді

Алматы тұрғыны Президенттік саябақта мүгедектігі бар қызбен болған жанжал туралы айтып берді. Бұған дейін жанжал желіде үлкен резонанс туғызды және оған тыйым салынған сауда себеп болды. Жәбірленуші қазірдің өзінде мәслихат депутатынан қолдау тауып отыр, ал жанжал тудырған алматылық әйел өзінің агрессиясын орынды деп санайды.

Маусым айында қала тұрғындары Тұңғыш Президент саябағына кіреберісте орын алған бірнеше келеңсіздіктердің куәсі болды. 21 маусымда қала тұрғындарының бірі осында скутер жалдауды ашуға шешім қабылдады. Алайда сол жердегі жүгері мен ойыншық саудагерлері жігітке бұған рұқсат бермеген. Сондықтан тараптар арасында ауызша жанжал басталып, ол шабуылға ұласқан.

«Алдымен бұл екі әйел бауырымды садақа сұрады деп айыптаған. Бірақ бала саябаққа қыдыруға келген. Содан кейін олар өздерін «бақылаушымыз» деп, мені сұрақтың астына алды. Мен оларға әкімдіктен алынған рұқсат қағазын ұсынуым керек екен. Одан соң олар қымбат скутерлерді жан-жаққа лақтырып, бірі мені қорқытып, ал екіншісі жұдырығын ала жүгірді. Менің анаммен шамалас кісілер болғандықтан мен тиіспедім. Нәтижесінде ернім жарылып, көзілдірігім сынды, — деп жазды алматылық тұрғын Instagram желісінде.

Оның айтуынша скутерді жалға беруге заңмен тыйым салынбаған, сондықтан оған бұл қызметпен кез келген жерде айналысуға рұқсат етілген. Жігіт өздігінен сауда жасауға тыйым салынғанын білетінін атап өтті.

Бірнеше күннен кейін жүгері сатушыларға шағыммен қаланың тағы бір тұрғыны келген. Бұл кісі немерелері осы әйелдердің өнімдерінен уланғанын айтқан қарт адам болды.

«Мен 23 маусым күні немерелеріме жүгері сатып алдым, ал түнде оларда диарея басталып, құсып шықты. Содан кейін мен әйелдерге қайта бардым, жүгері сатып алдым, түбіртек, санитарлық куәлік және СЭС-тен сатуға рұқсат қағазын сұрадым. Олар ешбір қағаз ұсына алмады. Мен оларды арнайы камераға түсірдім, ал әйелдер мені ұрлады, ұрды деп айыптады. Олар өздерін саябақтың иесі деп санайды. Мен полицейлер шара қолданып, бізді тыңдағанын қалаймын. Мен олардың қолөнер бұйымдарын сататын мүгедектігі бар қыз бен скутерлерді жалға беретін жігітті қалай қуғанын көрдім», — деп ашуланды зейнеткер.

Мүгедектігі бар қыз туралы айтқанда, қарт алматылық Дина Омарбекованы меңзеген. Әйелдермен болған бұл жанжал әлеуметтік желілерде кең тараған жанжал болды. Тілшілерге берген сұхбатында жас қыз бірнеше жыл бойы осы сатушы әйелдермен жанжалдасып келе жатқанын баяндады.

«Мен олармен бірінші рет 2016 жылы кездестім, ол кезде бәріміз ойыншықтар саттық. Бірақ оларға бұл ұнамады, ал олардың бірі менің кетуімді талап етті, әйтпесе олар тауарды менен алып кететінін айтты. Мен өзімді жағымсыз сезіндім. Мен ойыншықтарды жасауды тоқтаттым. Одан кейін мен әшекей жасаумен айналыса бастадым оларды инстаграм арқылы сатамын, бірақ осы жазда демалушыларға ұсыну үшін саябаққа шықтым.

Алғашқы күндері мен кіреберістен алыс, тыныш жерде тұрдым. Бірақ жанжал шығатын күні мен бұл әйелдерге жақындау орналасқан едім, себебі ол жерде адамдар өте көп болады. Сағат 22.00-ден кейін мен досыммен бірге сол жерге бардым. Келгеннен кейін сатушы әйелдердің бірі кетуімді талап ете бастады. Мен кетпедім, себебі дәл сол сәтте сатып алушылар келген болатын. Сондықтан ол мені арбамен жұлқып қорқыта бастады. Мен олардың саудасына кедергі келтірген екенмін. Бірақ менде тек кішкене қоржын ғана болды, ал оларда үш сөре тауар болды», — деді Омарбекова.

Оның айтуынша досы әйелдерді тыныштандырмақ болған, бірақ олардың біреуі оның жағасынан алған көрінеді. Нәтижесінде оның мойны көгеріп қалыпты. Қыз өзінің досы егде жастағы әйелдермен жанжалдаспағанын мәлімдейді. Алайда ол әйелдер оған көптеген жағымсыз сөздер айтқанын айтады.

Өз кезегінде жүгері мен ойыншықтарды сатушылардың бірі, 53 жастағы Гүлмира Сүндетова болған оқиғаның нұсқасын айтып берді. Оның айтуынша ол шілде айының басында Тұңғыш Президент саябағының жанында мүгедектігі бар қызды байқаған. Әйел Дина Омарбекованың түнде он күндей келіп, қасында отырып сауда жасағанын атап өтті.

«Біз оған ештеңе демедік, себебі ол үнемі 4-5 адаммен жүретін. Бірақ 11 шілдеде ол менің жүгерім мен ойыншықтарымның ортасынан өзіне орын таңдады. Бұл қыз үнемі кеш келеді және жанында үнемі бірнеше ер адамдар болады, солай қаптап жүріп олар адамдарға кедергі жасайды. Себебі саябақ сағат 23.00-де жабылады, ал келушілер 22.00-ден кейін саябақтан кете бастайды. Сондықтан ол келіп кіреберісте тұрып алғаннан кейін, адамдардың сыртқа шығуы қиынға соқты. Мысалы кейбіреулердің кішкентай балаларымен арбаларымен жүруіне кедергі келтірді», — деді Сүндетова.

Сатушы әйел дәл осы сәтте қызға «сіз өтуге бөгеп жасап тұрсыз, жол беріңіз» деген ескерту жасағанын айтты.

«Бұл ескертуге ол дөрекі түрде:«Біз саған кедергі келтіріп тұрмыз ба, не?» — деп жауап қатқан. Адамдардың өтуіне жол бермей отырғанын айтқанымызға қыз бізбен ұрсысып, бізді балағаттап қарғады.

Содан кейін онымен еріп жүрген ер адам арбаны қозғай бастады, ол өте арық болатын. Мен оған көмектеспек болғанмын, бірақ ол оны қате түсінді. Ол истерика көтеріп «қолдарыңды тарт, мен сендерге көрсетемін деп 102-ге қоңырау шала бастады. Жалпы алғанда, ол бізді арандатып өзі шетке шығып, үнсіз суретке түсіре бастады», — деді әйел.

Гүлмира Сүндетова бұл оқиғалардан екі-үш апта бұрын тағы бір жанжал болғанын атап өтті. Оның айтуынша бұл оқиға да мүгедектігі бар қыздың отбасына да қатысты.

«Бірнеше апта бұрын бір қария шағыммен келді, ол менің әпкеме немересі біздің өнімдермен уланғанын айтты, бірақ біздің 10 жылдық қызметімізде бірде-бір рет те ондай жағдай, бірде-бір шағым болған жоқ, оның жүгеріні бізден сатып алғанын және баланың уланғанын оның өзінен білдік. Бірақ содан кейін бұл адам әлеуметтік желілерде видео мен жалған ақпарат жариялады. Жүгері сатушылар оны ұрлық жасады және ұрды деп айыптады деген.

Әйелдің айтуынша бұл қарт алматылық мүгедектігі бар қыздың әкесі екен. Ол осылайша жүгері сатушыларға ұзақ уақыт бойы айыптаушы дәлелдер жинап келеді деп санайды.

«Біз жалдамалы пәтерде, бейтаныс адамдардың ауласында тұрамыз, бірақ біз әлі күнге дейін нан, киім немесе үй беруді талап етіп мемлекетке алақан жаймадық, қыста аштан өлмеу үшін өз еңбегімізбен ақша табамыз. Біз мұны жақсы өмірден жасап жүрген жоқпыз. Біз мұнда сауда жасаймыз, себебі жергілікті сатушылар бізді Арбаттан немесе Горький саябағынан қуып жібереді. Ал мұнда біз сауда жасаймыз, ал рейд болған жағдайда біз полицейлерден қашамыз. Биыл маған 87 мың теңге айыппұл салынды.

Менің де қант диабетіне байланысты ІІ топтағы мүгедектігім бар, ал күйеуімнің ІІІ топтағы мүгедектігі бар. Ол сал болған, қозғала алмайды. Біздің жеті баламыз бар. Менің қасымда әпкем бар, оның төрт баласы бар, оны күйеуі тастап кеткен. Әлеуметтік желілерде депутат Қайрат Құдайбергеннің осы мүгедектігі бар қызға қалай көмектесуге уәде бергенін көрдім. Бірақ неге ол бізге келіп, қалай өмір сүріп жатқанымызды сұрамады? Бұл қыздың өмір сүру жағдайы, біздікінен әлдеқайда жақсы көрінеді», — деп қосты жүгері сатушысы.

Ол скутер жалдаған жігітпен неліктен ұрысқанын да түсіндірді. Сүндетованың айтуынша, оның скутерлері әйел саудасына кедергі келтірген.

«Ол бұл скутерлерді әрі-бері жылжытады, бұл біздің ойыншықтарға тиіп кете береді. Біз оған бұл туралы айтып, оларды алып тастауға кеңес бердік. Өйткені саябақта әкімдіктің басқа скутерлерін жалға алуға болады. Саябақтың күзетшілері де оған түсіндірді. Ол кіреберісте тұрды және адамдарға жүруге кедергі жасайтын еді. Осыдан кейін жігіт шешініп, бізбен төбелесе бастады», — деді Сүндетова.

Бұл туралы Алматы полиция департаменті мән-жайды түсіндірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүгері сатушылар мен мүгедектігі бар қыз арасындағы оқиғадан кейін кінәлілер жазаланған.

«Бұл адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта белгісіз орындарда сауданың жүргізілуінің алдын алу үшін рейдтер тұрақты түрде жүргізілуде», — деп хабарлады департамент.

Алайда шілде айының соңында алматылықтар сауда-саттық саябаққа кіре берісте басталды деп тағы шағымданды. Бұған дәлел ретінде олар оқиға орнынан кадрларды әлеуметтік желілерде жариялады.

Бұл арада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова да Президенттік саябақ алдындағы жанжал туралы айтты. Оның айтуынша тараптардың әрекеттері «қорлау», яғни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетін ұятсыз түрде білдіру ретінде бағалануы мүмкін. Бұл құқық бұзушылық 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

«Бұл ретте қорлау жеке айыптау істеріне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі жәбірленушінің сотқа берген шағымы негізінде қаралады» — деді Азимова.

Сонымен қатар қақтығыс тараптары әкімдік белгілеген жерлерден тыс жерлерде сауда үшін де жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін атап өтті.

«Әкімдікке бұл мәселені ішкі сауда субъектілерімен реттеу, осы аймақтағы тұрғындардың қажеттіліктері үшін сатылатын тауарлар мен заттардың қажеттілігін ескере отырып, арнайы сауда орындарын бөлу мәселелерін шешу қажет (саябақ, алаң, Арбат, және т.б.), олардың бизнесін заңдастыруға көмектесу (жеке кәсіпкерлерді тіркеу)», — деп қосты Омбудсмен.

Сонымен қатар қазіргі жағдайды шешу үшін ол полицияның жұмысын күшейтуге шақырды.

«Қоғамдық тәртіпті қорғау мен құқық бұзушылықтың алдын алу ішкі істер органдарының міндеттерінің бірі болып табылады. Алматы қалалық полиция департаментіне адамдар көп жиналатын жерлерде тәртіпті бақылауды күшейту қажет. Прокуратурамен және қала әкімдігімен бірге азаматтармен оларға қажет халықты құқықтық негізде оқыту және құқықтық нигилизм деңгейін төмендету мақсатында түсіндірме сипаттағы әңгіме жүргізу қажет», — деп түйіндеді Эльвира Азимова.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×