Егер мақсат болса, онда ештеңе кедергі бола алмайды. Көзінен мүгедектігі бар Роман Бояринов спорт шеберіне үміткер атағына қол жеткізді. Роман аса зейінділікті талап ететін ең күрделі интеллектуалды ойын — тоғызқұмалақта сәттілікке қол жеткізді.
Мен стратегияны, тәжірибелі ойыншылардың әңгімелері мен аудио хабарламаларын зерттедім, енді мен спорт резервін дайындап, балаларға арналған курстар ұйымдастыруды шештім.
Вячеслав Ветлугин, тілші:
— Тоғызқұмалақ ойынын көшпенділер философиясы деп атайды. Ол асқан ақыл және логикалық ойлауды қажет етеді. Өскемендік Роман Бояриновтың көру қабілеті нашар, тек силуэттерді көреді. Бірақ бұл кісі ең қиын ойынды меңгеруге, оны балаларды үйретуге күш тапты. Тозызқұмалақтағы ойын 5 сағатқа дейін созылуы мүмкін, ал табысты нәтиже қарсыластың интеллектісі мен байқампаздығына байланысты. Роман Бояриновтың басты қаруы — интеллект. Ал оның нақты есептеулері бар стратегиясы жұмыс істейді.
Денсаулығының осындай диагнозы бола тұра Роман тоғызқұмалақтан спорт шеберлігіне кандидат. Оның айтуынша бұл спорттық мансаптың басы ғана. Роман жаттықтырушы ретінде де орын алғысы келеді. Оның тобында бірнеше ондаған жас оқушылар бар.
Роман Бояринов, тоғызқұмалақтан спорт шеберлігіне кандидат:
— Үйрен де үйрен. Есіңе көп сақтаған сайын өмірде оңай болады. Мысалы, бір қыздың әкесі қоңырау шалды, оған менің қалай үйреткенім ұнаған екен. Ағай, жақсы түсіндіреді, айқайламайды дейді екен балалар.
Романның әдептілігі мен адалдығы ата-аналар мен оқушыларға ұнайды.
Романның техникасы нәтиже беруде.
Әсем Мергембаева да нашар көреді, ол тоғызқұмақтың негізін меңгеріп үлгерді. Роман Бояриновтың тобына облыстық кітапханадан бөлме берілді.
Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері Айша Қали:
— Ол қанша адамға сабақ берді. Бұл математиканы меңгеру үшін жақсы, бұл философия. Ол да бірден ойнауды бастап кеткен жоқ, қанша рет ұтылды. Жеңілістен кейін қайта көтерілу және классиктердегідей күресу, іздеу, табу және берілмеуді Роман Бояринов өз тәрбиеленушілеріне жеке мысалымен үйретуде.