Now Reading
еGov порталында мүгедектігі бар жандарға арналған екі жаңа қызмет пайда болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > еGov порталында мүгедектігі бар жандарға арналған екі жаңа қызмет пайда болды

еGov порталында мүгедектігі бар жандарға арналған екі жаңа қызмет пайда болды

Енді үйде және медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге өтінімдерді онлайн түрде беруге болады.

Электронды үкімет порталында мүгедектігі бар жандарға арналған екі жаңа мемлекеттік қызмет пайда болды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Енді мүгедектігі бар жандар үйде және медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш бере алады. Бұрын бұл үшін халыққа қызмет көрсету орталығына немесе әкімдікке хабарласу қажет болатын.

«Жаңа цифрлық шешім онлайн режимінде үйден шықпай-ақ, үйде күтім жасау жағдайында немесе медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік береді. Қолданушылар өздеріне, баласына немесе қамқорлығындағы жанүшін қызметке тапсырыс бере алады», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Құжаттарды рәсімдеу үшін eGov порталында сәйкес қызметті таңдау, сұралған ақпаратты толтыру, құжаттарды тіркеу, ЭСҚ немесе бір реттік парольді қолдану арқылы өтінімге қол қою қажет.

Мемлекеттік органның сұранысы сәтті өңделгеннен кейін жеке кабинетке өтінімнің орындалғаны туралы хабарлама жіберіледі. Порталда қызмет көрсету мерзімі үйде күтім жағдайында көмек алғысы келетін пайдаланушылар үшін 14 жұмыс күнін құрайды, ал егер қолданушы медициналық және әлеуметтік мекемелерде қызмет көрсетуге өтініш білдірсе, 17 жұмыс күні болмақ.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×