Now Reading
Павлодар қарттар үйінде тексеру басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодар қарттар үйінде тексеру басталды

Павлодар қарттар үйінде тексеру басталды

Павлодарда Қарттар үйі қызметкерлерінің шағымы бойынша арнайы тексеру басталды. 

Бір күн бұрын анонимді хат әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. 

Әлеуметтік мекеме қызметкерлері мекемені қандала басқанын, ал ас үйдегі ыдыс -аяқтың жағдайын тіпті айтуға ұят. Сонымен қатар түрлі қажеттіліктер үшін үнемі ақша жиналады деп жазады.  

Мұнда 200 -ден астам адам тұрады. 73 мүгедектігі бар жан пен 155 қарт адам. Надежда Карианиди интернатты өзінің үйі деп санайды. 1976 жылдан Павлодар қарттар үйінің емделушісі. Ол бәріне қанағаттанатынын және әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне жаны ашитынын айтады. 

Надежда Карианиди, қарттар үйінің тұрғыны:

 — Олар тәуліктеп жұмыс істейді. Бізде 45 адам бар. Тіпті 47 адам ғана біздің қабатта тұрады. Осынша адамға үш күтуші бар. Олардың атқаратын шаруасын елестетіп көріңізші.. Бұл өте қиын жұмыс. 

Орталық сонымен қатар емделушілерге медициналық қызмет көрсетеді. Төсек тартып жатқан адамға жеке гигиена құралдары беріледі. Басшылық антисанитариялық жағдайлар мен түрлі жәндіктер басқаны туралы қауесетті үзілді-кесілді жоққа шығарады. Сынған ыдыстарға келсек, олар үш айда бір рет ауыстыратынын түсіндіреді. 

Марина Срелковская, Павлодар облысының қарттар мен мүгедектігі бар жандарға  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры:

 — Барлық осы фактілер бойынша жүргізілетін тексеру бұл фактілердің қаншалықты шындыққа сәйкес келетініне нақты жауап береді деп сенемін. Облыста тағы 8 ұқсас мекеме бар. Олардың үшеуінде жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар жандар тұрады. Өткен айда жоспарлы тексеру жүргізілді. Сондықтан мұндай шағым инспекторларды қатты таң қалдырды. Бұл шағымды ескерусіз қалдыру мүмкін емес еді. 

Гүлнәр Камалова, Павлодар облысының әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары: 

— Комиссия екі күн жұмыс істейді. Өйткені бізге өте қысқа мерзім берілді. Тексеру нәтижелері бойынша біз БАҚ үшін брифинг өткізгіміз келеді, тұрғындарға егжей-тегжейлі ақпарат беруіміз керек. Арнайы комиссияның құрамына бұл жолы адам құқықтары жөніндегі уәкіл кірді. Сипатталған фактілер мұқият тексерілетін болады. Сонымен бірге біз нақты «хал-ахуалды» білу үшін жасырын сауалнама жүргізуді көздеп отырмыз.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×