Now Reading
Мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа қызметтер онлайн форматқа көшірілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа қызметтер онлайн форматқа көшірілді

Мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа қызметтер онлайн форматқа көшірілді

Бұдан былай қарай мүгедектігі бар жандар eGov.kz порталы арқылы үйде және медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін құжаттарды ресімдеуге өтінім бере алады.

   Бұған дейін олар ХҚКО-ға немесе жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге мәжбүр болатын еді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов атап өткендей, мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында электронды форматтағы мемлекеттік қызметтер тізімі кеңейтілуде: «жаңа қызмет ерекше қажеттіліктері бар жандарға үйден шықпастан онлайн-тәртіпте үйде немесе медициналық және әлеуметтік мекемелерде күтім көрсетуге құжаттар рәсімдей алады. Пайдаланушылар бұл қызметке өзіне, өз баласына тапсырыс бере алады».

Ол үшін электрондық үкімет порталында сәйкес қызметті таңдау, құжаттарды тіркеу, ЭСҚ немесе бір реттік парольді қолдану арқылы өтінімге қол қою қажет. Мерзімдері: 14 жұмыс күні — үйде күтім жағдайында көмек алғысы келетіндер үшін, 17 жұмыс күні — медициналық -әлеуметтік мекемелердегі қызметтер үшін.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...