Now Reading
Ерекше балаларға арналған анимация мектебі алғашқы 30 түлекті дайындап шығарды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ерекше балаларға арналған анимация мектебі алғашқы 30 түлекті дайындап шығарды

Ерекше балаларға арналған анимация мектебі алғашқы 30 түлекті дайындап шығарды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Balapan» телеарнасының аулаында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған анимациялық мектептің» 30 оқушысының алғашқы бітіру кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Білім және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

30 бала аннимация бойынша арнайы оқыту курсынан өткендігі туралы арнайы сертификаттар алды.

Оқу курсы қайырымдылық жоба түрінде жеке анимациялық студиялардың қатысуымен ақысыз жүргізілді. «Qazaqstan» корпорациясы балаларды арнайы планшеттермен және оқуға қажетті басқа да техникалық құралдармен қамтамасыз етті. Балаларға жан-жақты сапалы білім беру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен халықаралық мамандар жұмылдырылды.

Оңтүстік Корея мен Жапонияның үздік анимация мамандары анимациялық мектеп қатысушылары үшін онлайн дәрістер мен мастер-класстар өткізді. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Корея Республикасының анимациялық фильмдерді насихаттау агенттігімен тиісті меморандумға қол қойылды.

Мектептің алғашқы түлектері Қазақстанның әр аймағында тұратын 14 пен 16 жас аралығындағы дарынды балалар. Оқыту бағдарламасы онлайн форматтағы сабақтардың арнайы кестесіне сәйкес жүргізілді. Бірінші айда балалар «Анимация негіздері» дәрісіне қатысты. Содан кейін оқушылар қызығушылықтары, бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес 2D анимация, 3D анимация және Stop Motion топтарына бөлінді.

Мектеп балаларға болашақта олардың мамандығына айналатын жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып, балалардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету міндетін қойды.

Анимация мектебі 2021 жылдың наурызында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іске қосылды, онда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар алты айлық курсқа арнайы іріктеуден өтті. Жобаға қатысуға өтінімдер ағымын ескере отырып, анимациялық мектептің жұмысын тұрақты түрде жалғастыру жоспарлануда, деп хабарлады департамент.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×