Now Reading
Мүгедектігі бар жандарға жеке радиостанция не үшін қажет?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар жандарға жеке радиостанция не үшін қажет?

Мүгедектігі бар жандарға жеке радиостанция не үшін қажет?

Sector X әлеуметтік интернет радиосы Алматыда үш жылдан бері жұмыс істейді, ол жерде мүгедектігі бар жандар жұмыс істейді.

Жоба Тұңғыш Президент — Елбасы қорының қолдауымен 2018 жылдың 10 шілдесінде бастау алған Sector X радиосының контенті әлеуметтік-саяси тақырыптардағы ойын-сауық және тәрбиелік сипаттағы авторлық бағдарламалардан тұрады. Пандемияға дейін сайтта жаңалықтар блогы болды, бірақ студияда жұмыс істейтін адамдардың санының азаюына байланысты оны тоқтатуға тура келді. Авторлық бағдарламалар локдаун кезінде де шығарылды, олар үйде дыбыс инженерінің жетекшілігімен жазылды, — деді Sector X бағдарлама директоры Лукерья Лоншакова.

«Біз қоғамға қалай ашық болу керек және барлығын бірдей қабылдауға болатынына өзіміз үлгі болғымыз келеді. Өйткені мүгедектігі бар жандар барлық адамдармен тең жұмыс істей алады», — дейді Лукерья.

10 адамнан тұратын команданың жартысы мүгедектігі бар жандар. Олардың барлығы кәсіби БАҚ қызметкерлері емес. Бағдарлама авторларының көпшілігі бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істемеген, олар осы радиоға келіп дайындықтан өткен.

«Адамдар біздің радиоға өз бетімен келеді, идеялар ұсынады. Радионы құрған Reliance қорында тәжірибелі журналистер-жаттықтырушылар бар, олар жаңадан келгендерге тәлімгерлік етеді», — дейді Лукерья.

Лукерья Лоншакова жетекшілік ететін шақырылған қонақтар өздерінің жеке өмірі туралы әңгімелейтін мүгедектігі бар жандар туралы «Біз туралы бізсіз ештеңе айтылмайды» және Ләззат Салықованың «Түнгі өмір» бағдарламалары танымал бағдарламалар қатарында.

«Мүгедектігі бар жандардың кездесетін жері жоқ, кейбірі өздерінен ұялады. Ал біздің қонақтар өздерінің сүйіктілерімен қалай танысқаны туралы әңгімелейді. Бұл өте адал және ашық бағдарлама, ол арқылы жыныстық тәрбие жүргізіледі», — дейді Лукерья.

Ойын-сауық контентінің ішінде әлеуметтік эфирде танымал музыкалық контент бар. Қазақстандық эстрада жұлдыздары немесе блогерлер қатысатын Cover Time бағдарламасын атап өтуге болады. Лукерья «Махаббат құқығы» қоры бастамашы болған Vector & Children бағдарламасын ерекше атап өтті.

«Жүргізуші балалар ересектер мен құрдастарын қызықтыратын сұрақтар қояды. Соңғы қонақ пианист Ашот Хачатурян болды. Ол жеңген ақшасын қайырымдылыққа қалай жұмсайтынын айтты. Шоумен Алан Черкасов, «Үркер» тобы қонақта болды. Қордың директоры Мария Макарова балаларға контент құруды, сұхбатқа дайындалуды, камерадан қорықпауды үйретеді. Бағдарламаға негізінен әлеуметтік осал отбасылардың балалары қатысады», — деді радио өкілі.

Ай сайын сайттағы Sector X радиосын 30-дан 40 мыңға дейін адам тыңдайды. Тыңдаушылардың көпшілігі қазақстандық емес. Лукерья қазақстандықтардың радионың Youtube-тегі бағдарламаларының жазбаларын қарайтынын болжайды. Инстаграмда радионың 12 мыңнан астам жазылушысы бар.

«Бірде олар студияға қоңырау шалып, не болды, радио неге жоғалып кетті деп сұрады. Сол сәтте бізде электр қуаты өшіп қалған болатын. Мұндай сәтте сізді іздеп жатқанына, біреуге керек екендігіңізді сезіну керемет бақыт» деп Лукерья бөлісті.

Sector X радиосының командасы үшін жалғыз қиындық-мүгедектігі бар жандар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету: әрбір кеңсе ғимараты жұмыс істеуге лайықты емес.

«Кіреберістегі бір пандус жеткіліксіз. Ғимарат ішінде дәліздер арасында баспалдақтар болуы мүмкін, дәретхана қозғалысы шектеулі топтар үшін жарамсыз болуы мүмкін», — деді Лукерья Лоншакова.

Sector X радиосы жұмысшыларының алатын жалақысы небәрі 80 мың теңге және олар жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасына қатысу шарттарына байланысты қосымша ақша табуға құқылы емес.

«Мен өзімді-өзім қамтамасыз етуге және жарнамаға қол жеткізгім келеді. Бірақ стереотиптерге байланысты бізге жарнама берушілердің кезегі жоқ. Мүгедектігі бар жандар қайыршылармен теңестіріледі және үнемі мемлекеттен көмек сұрайтындармен байланысады. Біз табысты емеспіз. Білесіз бе мен бір кездері бір ұйымнан кеңес сұрағанымда, олар менің ағылшын тілінде кәсіби аудармашы екенімді, радиода жұмыс істейтінімді білгенде, менің отбасым бар екендігін білгенде қатты таң қалды», — деді Лукерья.

Әлеуметтік тәуелді жандар бар, бірақ олардың көбі жұмыс істегісі келеді. Барлығы бірдей жұмыс таба алмайды.

Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша 800 мыңнан астам адам мүгедектігі бар жан тіркелген. Reliance қорының зерттеулеріне сәйкес, олардың барлығы цифрлық сауатсыздық, әлеуметтік шеттету, маргинализация және қоғамдық толеранттылықтың жоқтығынан еңбек нарығында өзін жүзеге асыра алмайды. Сондықтан Reliance Тұңғыш Президент — Елбасы қорының қолдауымен, ағымдағы жылы Community Media Hub инклюзивті медиа мектебін ашады.

«Мектептің міндеті — республиканың 14 аймағында 20 медиа-продюсерді оқыту, содан кейін олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу немесе жеке коммерциялық емес сандық медианы жасауға көмектесу. Мектеп қатысушылары PR, бейне жасау, SEO, SMM, контент өндірісі бойынша оқытылады», — деді Лукерья Лоншакова.

Әріптесіміз атап өткендей, мүгедектік — бұл ауру емес, бұл күнделікті өмірдегі қосымша қажеттілік, ал мемлекет тұрақты түрде балық ұсынбай, тек қармақпен қамтамасыз етуі керек.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×