Атыраудағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының директорына дәретханаға байланған мүгедектігі бар балаларға қатысты сөгіс жарияланды.
«Біз тергеу жүргіздік, нәтижесінде мекеме директоры өз тарапынан тиісті бақылауды сақтамағаны үшін қатаң сөгіс алды. Шаруа бикесі жүрген жерінде балаларды видеоға түсіреді. Сонымен қатар орталықта ұрлық болған, 100 литрлік бензин талондары ұрланды және бұған Ұлбике Бисекенованың қатысы бар.
Оның айтуынша, бейнеролик сәуір айында түсірілген, ал бізге тек шілдеде ұсынылған. Біз қызметтік тексеру жүргіздік, сол күні кезекші тәрбиешілер балаларды байлағандарын жоққа шығарады. Сол күні шаруа бикесі тәрбиешілерді бір заттарды әкелуді өтінген, екінші тірбиеші балаларға кешкі асқа кеткен. Нәтижесінде Ұлбике Бисекенова жалғыз қалған және біз бұл жерде үшінші адам, мүмкін шаруа бикенің өзі болуы мүмкін деп күдіктенеміз.
Нәтижесінде мекеме директоры бұл бейнежазба бойынша тиісті бақылауды сақтамағаны үшін қатаң сөгіс алды. Жағдай анықталғанға дейін әйел жұмыстан шеттетілді, қазір ол біздің мекеменің қызметкері емес», — деді Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Байганина.
Алайда Атырау тұрғыны Ұлбике Бисекенова жұртшылыққа болған оқиғаның басқа нұсқасын айтты. Оның айтуынша ол бұрын Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында шаруа бикесі болып жұмыс істеген. Бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар бар, оларға қатысты мекеме қызметкерлері тарапынан тиісті күтім жоқ деп мәлімдеді. Әйел өзінің сөзін дәлелдеу үшін унитазда отырған науқас балаларды жаялықтармен мүгедектігі бар жандарға арналған дәретхананың тұтқасына байлап қойған бейнелерді ұсынған.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға өте нашар қарайды, олар күтімсіз. Оларға мерзімі өтіп кеткен өнімдер сатып алынады, ал комиссия келгенде олар бірден жаңа өнімдерді шығарып, бәрі жақсы деп айтады. Ол балаларға небір ұятсыз және жаман сөздер айтылады. Балаларға деген мұндай көзқарас мені таң қалдырды, мен ренжігенімді білдіре бастадым, олардан тәртіпті талап еттім. Балалар онсыз да тағдыр тәлкегін сезінуде. Мемлекет оларды ұстауға миллиондаған қаражат бөледі: тамақ, киім, тұрғын үй, бірақ олар бұл көмекті алмайды. Мен директордан тәртіп орнатуды талап еттім, бірақ менің сөзімді елемеді. Мен бірнеше рет балаларды дәретханада байлап қоятындарын көрдім. Мен бұл туралы дереу директорға айттым, бірақ ол менің ескертулерімді елемеді. Балаларға бұлай қарауға болмайды, — дейді Бисекенова.
Әйелдің айтуынша ол ашуын білдіре бастаған бойда мекеме басшылығы еңбек шартын ұзартпауға шешім қабылдаған. Әйел қала әкімдігіне жүгінген, оның айтуынша ешқандай шара қолданылмаған.
Сонымен қатар Бискенова ер адамның мекемеден шелегімен шығып кетіп бара жатқанын көрсететін тағы бір таспа ұсынған. Бұл жерде әйел әріптестерін ұрлық жасады деп айыптады. Мекеме директоры полиция таратылып жатқан бейнероликтерді зерттей бастағанын атап өтті.