Now Reading
Қарағанды облысының мектептерінде инклюзивті кабинеттер саны артып келеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағанды облысының мектептерінде инклюзивті кабинеттер саны артып келеді

Қарағанды облысының мектептерінде инклюзивті кабинеттер саны артып келеді

Өткен оқу жылында Қарағанды облысында ерекше балаларға қажетті жағдай жасап жатқан мектептер саны 343-тен 370-ке дейін өсті. Инклюзивті біліммен қамту 73%құрайды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің сайты.

Бұл туралы тамыз айындағы кеңесте Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова хабарлады.

— Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметіне көмекшілер 59 штат бірлігі енгізілді. Аутизм спектрі мен психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар балалардың саны үнемі өсіп келе жатқанын ескере отырып, соңғы екі жыл ішінде облыстың сегіз мектебінде инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды, олардың төртеуі «Болашақ» қайырымдылық ұйымымен бірлесіп ашылды, — деді Гүлсім Қожахметова.

— Инклюзивті практикада оқытылған мұғалімдердің үлесі 32-ден 60%-ға дейін өсті. Биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 207 мұғалім мінез -құлықты қолданбалы талдау бойынша оқытылады. Бұл 500-ден астам баланы білім беру қызметтерімен қосымша қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қыркүйекте Теміртау қаласында 60 орындық оңалту орталығы жұмыс істей бастайды. Жыл соңына дейін облыс орталығында тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мен Қарағанды мен Сәтбаев қалаларында екі түзету кабинетін ашу жоспарлануда.

— Келесі жылы Шахтинск қаласында ПМПК пен Қарағандыда «Асыл Мирас» қайырымдылық қорымен бірлесіп аутизммен ауыратын балаларға арналған оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Жұмыс істейтін арнайы ұйымдар мамандарының штат саны биыл 50 адамға көбейтілді. Бұл мыңнан астам баланы оңалту көмегімен қосымша қамтуға мүмкіндік береді, деп қосты Гүлсім Қожахметова.

Сонымен қатар облыста арнайы білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау, балалардың емтихандарын тапсыру және кейіннен оңалту және консультациялық көмек алу тәртібін жеңілдететін «Малахит» интерактивті платформасы қолданысқа енгізілуде.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×