Now Reading
ҚҚДИ-да «Патронат ата-аналар мектебі» онлайн-курсы таныстырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ҚҚДИ-да «Патронат ата-аналар мектебі» онлайн-курсы таныстырылды

ҚҚДИ-да «Патронат ата-аналар мектебі» онлайн-курсы таныстырылды

Отбасы күні қарсаңында «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Патронат ата-ана мектебі» онлайн курсының тұсаукесері өтті. Бұл курсты «Отбасы Академиясы» қоғамдық қоры және «Ковчег» қайырымдылық қорымен бірлесіп Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы жасады.

«Осы тәрбиелік семинарлар аясында дайындалатын жаттықтырушыларға көмектесу үшін «Патронат ата-аналар мектебі» онлайн-курсы әзірленді. Курс сонымен қатар білімге немесе ғылыми мақсатқа қызығушылық танытатын қалың көпшілікке ұсынылады деп жоспарлануда»,- деді «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова.

Онлайн курс kipd.kz сайтында, әлеуметтік желілердегі ҚҚДИ аккаунттарында еркін қолжетімді болады, сонымен қатар патронат тәрбиешілерді оқытумен айналысатын барлық мүдделі ұйымдарға жіберіледі. Онлайн курс болашақ бала асырап алушылардың мотивациясы, балалардағы психологиялық жарақаттар, балалардың ерекшеліктері, интернат тәрбиеленушілері, бауыр басу теориясы және т.б. сияқты мәселелерді қарастырады.

Қазіргі уақытта оқу курсының екінші модулі дайындалуда. Тұсаукесер кезінде тәрбиеленушілерді тәрбиелейтін жаттықтырушылар «Отбасы академиясы» ҚҚ-ның сарапшысы Зухра Абрахманова, Астана қаласының SOS балалар ауылының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Анастасия Литвинова, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдай тап болған балаларды қолдау орталығы» МКБ психологы Әсем Түкенова, сонымен қатар ЮНИСЕФ балаларды қорғау бағдарламасының үйлестірушісі Азамат Жаманчинов өз пікірімен бөлісті.

Іс-шара соңында ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Ракишева «Патронаттық ата-аналардың онлайн мектебі» жобасы патронаттық отбасы институтының дамуына және отбасылармен және балалармен жұмыс жасайтын мамандардың, сондай-ақ патронаттық тәрбиешілерге кандидаттарды даярлауда алғаш рет және екінші рет жетімдіктің алдын алудың маңызды құралы болып табылады деп қорытындылады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×