Now Reading
6-сынып оқушылары «Музыка» пәні бойынша қолданыстағы бағдарламаның орнына домбыра ойнау курсын таңдай алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 6-сынып оқушылары «Музыка» пәні бойынша қолданыстағы бағдарламаның орнына домбыра ойнау курсын таңдай алады

6-сынып оқушылары «Музыка» пәні бойынша қолданыстағы бағдарламаның орнына домбыра ойнау курсын таңдай алады

«Домбырада ойнауды үйрету» атты жаңа пән мектеп бағдарламасына енгізілмейді.

 

Домбырада ойнауды үйрету мектептерде жеке пән ретінде енгізілмейді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 

«Бұл жеке пән туралы емес, 1-6 сыныптарда оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны туралы. Яғни, қажетті ресурстар болған жағдайда, 6 – сынып оқушылары «Музыка» пәнінің мазмұнындағы екі нұсқаның бірін таңдай алады: қолданыстағы бағдарлама бойынша оқуды немесе домбыра үйрету курсын таңдай алады», — деп нақтылады Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясында.

 

Мектептерде домбырада ойнау курсын енгізу туралы Нұр-Сұлтан педагогтарының тамыз кеңесінде айтылды. Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында мектептерде жаңа пән енгізу туралы жаңалықтар пайда болды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...