Now Reading
Науқас ретінде өз құқығыңызды қорғау үшін қайда бару керек
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Науқас ретінде өз құқығыңызды қорғау үшін қайда бару керек

Науқас ретінде өз құқығыңызды қорғау үшін қайда бару керек

Ағымдағы жылдың алты айында Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына медициналық қызмет көрсетуге қатысты қала тұрғындарынан 76 520 өтініш келіп түсті. Қордың астаналық филиалының баспасөз қызметі пациент ретінде өз құқығыңызды қорғау үшін қайда жүгінуге болатыны туралы айтып берді.   

Барлық сұрақтарды объективті түрде қарау үшін, ең алдымен медициналық ұйымның орнына, пациенттерді қолдау қызметіне және ішкі сараптамаға хабарласу қажет.

«Ол медициналық қызмет көрсетуді, олардың толықтығы мен стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған. Бұл қызмет медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуіне және клиникалық қызметіне ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен рәсімдерінің бұзылуын анықтайды. Ол сондай-ақ азаматтардың өтініштерін, пациенттердің шағымдарын қарастырумен айналысады», — деп хабарлады МӘМС.

Сондай-ақ медициналық сақтандыру қорының өзіне хабарласып, кеңес ала аласыз. Бұл мақсатқа бірнеше байланыс арналары ұсынылған:

— Бірыңғай байланыс орталығы 1406. Мұндағы өтініштер санаты мен күрделілігіне қарай үш кезең бойынша қаралады.

— Кеңес беру сипатындағы сұрақтар, сондай-ақ егжей -тегжейлі зерттеуді қажет ететін сұрақтар.

— Qoldau 24/7 тәулік бойы жұмыс істейтін мобильді қосымша (Play Market пен App Store дүкенінде орнатуға болады). Азаматтар қолда бар құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті мәтін түрінде жолдайды.

— Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты.

— Telegram желісінде Saqtandyrybot. «Негізгі мәзір» бөлімінде өтініш беру үшін «1406 нөміріне сұраныс жіберу» қызметін таңдау қажет. 

«Қор жеткізушілерді халыққа қызмет көрсету жұмысын жақсартуға ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдайды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының астаналық филиалының сарапшылары медициналық көмектің мемлекет кепілдік берген тегін көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру пакеті бойынша провайдерлер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлемін бақылауды жалғастыруда»,-деп толықтырды қор.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×