Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Токиодағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
70 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі шешуші айқаста әзірбайжандық Дурсадаф Каримова Заринаны иппон әдісімен жеңді. Байбатина финалға аттанар жолда италиялық Каролина Коста (иппон) мен моңғолиялық Алтанцег Ниамааны (иппон) жеңді.
Бұл Қазақстан үшін Паралимпиада-2020 ойынындағы төртінші медаль. Бұған дейін дзюдошылар Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс алса, пауэрлифтингші Давид Дегтярев алтынға ие болды.