Now Reading
Нұр-сұлтанда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай бағдарламалар жүзеге асырылуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-сұлтанда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай бағдарламалар жүзеге асырылуда

Нұр-сұлтанда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай бағдарламалар жүзеге асырылуда

Елорданың жоғары оқу орындары мен колледждерінің түлектері «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмысқа орналастырудың екі бағдарламасына қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. Бағдарлама техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін арнайы құрылған. Бағдарламаға оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл iшiнде 29 жастан аспаған жұмыссыздар да қатыса алады. 2021 жылы жалақы 94 053 теңгені құрайды.

 

Естеріңізге сала кетейік, жастар практикасының ұзақтығы б айдан аспайды.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс тәжірибесі жоқ, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер үшін арнайы «Алғашқы жұмыс орны>> бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаға қатысуға 29 жастан аспаған жұмыссыздар құжат тапсыра алады. Жоба қатысушылары 24 айдан кем емес мерзімге тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие. Мұнда ай сайынғы субсидия (жалақы) мөлшері 20 АЕК-58 340 теңгені құрайды (салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және т.б. есепке алғанда).

 

Барлық сұрақтар бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Бейбiтшiлiк кешесі, 25, /72-93-56, 87053297719 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...