Ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар елдерінен артта келеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.
Ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарау қажет деп ойлаймын. Ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері өскен жоқ. Әлемдік коронавирустық дағдарыс халықтың табысына қысымды күшейтті. Сонымен қатар ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар елдерінен артта. Сондықтан мен 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдаймын. Бұл шара 1 миллионнан астам адамға және барлық жұмысшыларға тікелей әсер етеді, — деді Мемлекет басшысы жыл сайынғы ел халқына Жолдауында.
Президенттің айтуынша бұл көлеңкелі жалақы қорын азайтуға мүмкіндік береді, оның көлемі бүгінде 30% -ға, мүмкін жарияланғанның 40%-на жетеді. Сондай-ақ, ең төменгі жалақының өсуі ішкі тұтынудың өсуі түрінде оң экономикалық әсерге ие болады, бұл ЖІӨ -нің 1,5%-ға өсуіне әкеледі.
Салық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде ең төменгі жалақыны орынсыз пайдаланудан бас тарту қажет. Мен үкімет пен Парламенттен ағымдағы жылдың соңына дейін заңнамаға қажетті өзгерістерді енгізуді қамтамасыз етуді сұраймын. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап заң күшіне енуі тиіс, — деп қорытындылады Президент.