Now Reading
Ақмола облысында тұрғын үй заңсыз берілген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмола облысында тұрғын үй заңсыз берілген

Ақмола облысында тұрғын үй заңсыз берілген

Ақмола облысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлу кезінде заң бұзушылықтар анықталды.

Ақмола облысы прокуратурасының ақпараты бойынша, қазір тұрғын үй беру саласындағы тексерумен өңірдің барлық аудандары қамтылған.

«Көкшетау қаласында бюджеттік ұйым қызметкері 2017 жылы мемлекеттен алған пәтерді үшінші тұлғаларға жалға бергені анықталды. Облыс орталығы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл тұлға көшірілді, пәтер көп балалы отбасыға ұсынылды», — деп атап өтті ведомствода.

Ал Астрахан ауданында 2017 жылы Мемлекет бюджеттік ұйымның қызметкеріне пәтер берді, бірақ 2020 жылы бұл адамға басқа пәтерді мұра етілген. Бүгінде мемлекеттік пәтер 11 жыл тұрғын үй кезегінде тұрған жетімге берілді.

«Тексеру қорытындысы бойынша мемлекетке 20 пәтер қайтарылды. Жақын арада пәтерлер, бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтары арасында бөлінетін болады. Жұмыс жалғасады», — деп түйіндеді облыстық прокуратурада.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...