Now Reading
Павлодарлық әйел көлік жуу орнында аяғынан айырылған: жұмыс берушінің кінәсі анықталған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодарлық әйел көлік жуу орнында аяғынан айырылған: жұмыс берушінің кінәсі анықталған

Павлодарлық әйел көлік жуу орнында аяғынан айырылған: жұмыс берушінің кінәсі анықталған

Автокөлік жуу кезінде аяғынан айырылған павлодарлық әйел Валентина Найдинамен болған апатқа жұмыс беруші кінәлі. Тергеу жүргізген арнайы комиссия мүшелері осындай қорытынды шығарды. 

Өткен жылдың күзінде автожуу орнында Валентинаның мас әріптесі көлікпен қағып кеткен. Жазатайым жағдай ер адам клиенттің көлігін автокөлігін жууға ыңғайлап қоймақ болған кезде орын алған. Салдарынан Валентин Найдина көлікпен қабырғаға жаншылып, аяғының төменгі жағынан көптеген сынықтар алған. Ауруханада оң аяғы тізеден жоғары кесіліп, сол аяғына ота жасалды. Осы жылдың наурызында оны қаққан ер адам 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Автожуу тұрағының иелері алдымен жәбірленушіге емделуге және аяғын протездеуге көмектесуге уәде берді, бірақ кейінірек олар Валентинаның ол жерде жұмыс істемегенін айтып сөздерінен жалтарған. Валентина Найдина сот көмегімен автожууу тұрағының иелері жәбірленушіні өз қызметкері ретінде тануға және онымен еңбек шартын жасасуға мәжбүр еткен.

Келісімшарттық қатынастар фактісі танылғаннан кейін бірден мемлекеттік еңбек инспекциясы өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия автожуу тұрағындағы оқиғаны тексеруге кірісті.

   «Павлодар қаласындағы автокөлік жуу орнында болған апатты тергеу аяқталды. Жұмыс беруші оқиғаға жүз пайыз кінәлі деп танылды, жәбірленуші Найдинаның өзі кінәлі емес. Барлық материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға берілді», — деді облыстық Еңбек басқармасының бастығы Асқар Қапанов.

Бұл арада үш баланың анасы, 32 жастағы Валентина Найдина мүгедектігі бар жандарға арналған арбаға таңылған. Жақында әйелге тағы да ота жасалды. Ампутация орнында ірің пайда болды, жергілікті дәрігерлер жараны ашып, іріңді сорып алуға мәжбүр болған.

«Екінші аяғым да жақсы емес. Ол үнемі ауырады. Дәрігерлер ешқандай болжам айтпайды», — деді Найдина.

   Найдинаның туыстары қазірдің өзінде емделу кезеңіне және дәрі-дәрмектердің құнын және еңбекке жарамсыздық кезеңіне төлем төлеуді талап етіп көлікжуу тұрағының басшлығына жүгінген. Олар сондай-ақ материалдық және моральдық зиянды өтеп алуды  көздеп отыр.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×