Now Reading
Паралимпиада жеңімпаздарына Атырауда пәтерлер мен автокөліктер табысталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Паралимпиада жеңімпаздарына Атырауда пәтерлер мен автокөліктер табысталды

Паралимпиада жеңімпаздарына Атырауда пәтерлер мен автокөліктер табысталды

Атырауда Токио Олимпиадасынан жеңіспен оралған спортшыларға пәтерлер мен автокөліктер табыс етілді.

 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токиодағы 16-шы жазғы Паралимпиадаға қатысқан спортшыларды марапаттады. Жүлдегерлердің әрқайсысына екі бөлмелі пәтердің кілті мен автокөлік табысталды.

 

Сонымен қатар, парадзюдодан Қазақстан Республикасының бас бапкері Жандос Қиянов 4 млн теңгенің сертификатын, ал жарысқа қатысушылар 1 млн теңгенің ақшалай сыйлығына ие болды. Жарыстан келген соң облыс әкімдігі паралимпиадашыларға тағы 1 млн теңгеден табыс етті.

 

Еске сала кетейік, ел құрамасындағы сегіз атыраулық спортшының үшеуі күміс медаль жеңіп алған болатын. Олар: парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина.

 

Аманжол Жанбота осы спорт түрінен 5-орын, Нұрлан Домбаев паратаэквондодан 5 — орын, Ержан Сәлімгереев паражүзуден 6-орын алды.

 

«Сіздердің арқаларыңызда Қазақстанда параспортты дамытудың жаңа дәуірі басталды. Бұл жеңісті қажырлы еңбекпен, мақсаткерлікпен және кәсіпқойлықпен жеңіп алдыңыз. Ержан Сәлімгереев пен Нұрлан Домбаевтың алғашқы Паралимпиадасында 5 және 6-шы орындар-бұл айтулы жетістік!

 

Атыраулық әрбір спортшы алтын медальға лайықты. Сіздердің әрқайсыларыңыз жеңімпаз атанасыздар», — деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

 

Парадзюдодан Қазақстан Республикасының бас бапкері Жандос Қиянов атыраулық спортшылардың Токиода лайықты өнер көрсетуін атап өтті.

 

Еліміздің қоржынына алғашқы күміс медаль салған парадзюдошы Әнуар Сариев жеңістің жеңіл еместігін атап өтті.

 

«Мен медальді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Бізді қолдағандардың барлығына алғыс айтамын», — деді жүлдегер.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×