Now Reading
Сенатта әлеуметтік жәрдемақыны арттыру талқылануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сенатта әлеуметтік жәрдемақыны арттыру талқылануда

Сенатта әлеуметтік жәрдемақыны арттыру талқылануда

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын талқылады.

Құжатта қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда, бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу, жәрдемақы мөлшерін ұлғайта отырып, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектіктің топтарын белгілеу, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру және т.б. жазылған.

«Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру, зейнетақымен қамсыздандыру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру болып табылады»,-деді Нариман Төреғалиев.

Сонымен қатар, құжатта жұмыссыздарды еңбек биржасында тіркеу және жұмыссыз мәртебесін алу рәсімдерін жеңілдету тетіктері жазылған.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша сенаторлар аталған заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...