Now Reading
Атырауда ерекше баланы ұрған қызметкер жұмыстан шығарылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырауда ерекше баланы ұрған қызметкер жұмыстан шығарылды

Атырауда ерекше баланы ұрған қызметкер жұмыстан шығарылды

Атырауда ерекше баланы ұрып-соққан ерекше балаларға арналған оңалту орталығының қызметкері жұмыстан шығарылды, ал басшы қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты.

«Өкінішке орай, осындай жағдай орын алды. Бүгінде облыста балалардың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы басты назарда. Болған жағдайға келсек, бүгін іс қаралды, кінәлілер анықталды. Прокуратура тексергеннен кейін орталықтың екі қызметкері жұмыстан шығарылды. Мекеме басшысы да жұмыстан шеттетіледі. Бірақ бұл жағдайда бейнежазбаның сенімділігін полиция қызметкерлері әлі де тексеруде», — деді Бақытгүл Хаменова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бұған дейін Б.Хаменова аймақтағы эпидемиологиялық жағдай мен дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қорын қалыптастыру туралы айтқан болатын.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...