Now Reading
Азия Паралимпиада ойындарында елордалық спортшылар 5 алтын медаль жеңіп алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Азия Паралимпиада ойындарында елордалық спортшылар 5 алтын медаль жеңіп алды

Азия Паралимпиада ойындарында елордалық спортшылар 5 алтын медаль жеңіп алды

IV Азия Паралимпиада ойындары – 4 жылда бір рет өтетін көптен күткен спорттық жарыстардың бірі. Жарыс 22-29 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Спартакиадада Қазақстан құрамасы 41 медальмен жалпы командалық есепте 11 орынға тұрақтады. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 елден 4000-ға жуық спортшы қатысты. Елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы Азамат Тағаев жарыстың қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында спорттың 14 түрінен 131 спортшы қатысты. Оның ішінде спорттың 4 түрінен 10 спортшы Астана қаласы құрамасының құрамында.

«IV Азия Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Астана командасының спортшылары 5 медаль жеңіп алды. Бұл 2 алтын, 1 күміс, 2 қола», — деді мекеме басшысы.

Алтын медальдар: парадзюдо – Ерғали Шамей (73 келі), Ақмарал Науатбек (48 келі);

Күміс медаль: парадзюдодан – Асылан Нұрдәулетов (73 келі);

Қола медальдар: парадзюдо – Бауыржан Арыстанбеков (90 келі), паражүзу – Сиязбек Далиев (эстафета).

«Спортта жеңіс те, жеңіліс те болады. Біздің спортшыларды алда көп тәжірибе күтіп тұр, олар басқа елдердің спортшыларымен тәжірибе алмасты. Кейбір спортшылар Азия параойындарына алғаш рет қатысты. Біз қазір қателерді түзетумен жұмыс істеп жатырмыз. Спортшылар жаттығуға қайта кірісті», — деді Азамат Тағаев.

Айта кетейік 2018 жылғы 3-ші Азия ойындарына елордалық 3 спортшы 2 спорт түрінен қатысып, 4 медаль, оның ішінде біреуі алтын, үшеуі қола медаль жеңіп алды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×