Көзінен мүгедектігі бар жандар Қарағанды қаласының сәулетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Ол үшін сотталғандар қаланың сәулеттік ескерткіштерінің макеттерін жасады.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханада «Сарыарқа — сүйікті өлке» жобасы макеттерінің тұсаукесері өтті. Көру қабілеті бұзылған қарағандылықтар цирк, драма театрының ғимараттарына қол тигізе алды. Бұл макеттер Сейфуллин, кеншілер мәдениет сарайы, Н.Әбдіров ескерткіші, Бұқар жырау ескерткіші және кенші даңқы ескерткіші.
«Қол қойылған меморандум аясында біздің облыстың ең маңызды сәулеттік құндылықтарының 3D модельдерін жасау қолға алынды. Сотталғандар 3D модельдерді жасауға ықыласпен қатысты. Сотталғандардың еңбегі көру қабілеті нашар азаматтардың рухани дамуына ықпал етеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, мұндай іс-шараларға қатысу біздің облыста сотталғандарды қайта әлеуметтендіру үдерісіне ықпал етеді, осылайша қоғамға пайда әкеледі»,-деді әділет подполковнигі Мейрамбек Қарғалтаев.