Now Reading
Алматыда көпбалалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға қалай баспана алуға болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда көпбалалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға қалай баспана алуға болады

Алматыда көпбалалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға қалай баспана алуға болады

Мегаполистің тағы бір мың жас отбасы жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасымен қамтылады, деп хабарлады Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы.

 

Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді. Оның айтуынша, жеңілдікті тұрғын үйді «Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен Отбасы Банкі арқылы алуға болады.

 

«Осы бағдарламаның арқасында көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар нарықта қолайлы шарттармен бастапқы немесе қайталама тұрғын үй ала алады. Бағдарламаны 3 жыл ішінде 634 алматылық отбасы пайдаланды», — деп хабарлады Әміров ӨКК брифингінде.

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының кезегінде тұрғандар үшін қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттарын алу мүмкіндігі бар. Бұл сома Отбасы банктен жеңілдетілген ипотека алу үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға есептелген.

 

Тұрғын үй сертификаттарын кім ала алады

 

Сертификаттарды кезекте тұрғандар-I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көп балалы отбасылар ала алады. Алматы әкімдігі жергілікті бюджеттен 1 миллион теңгеге 2 000 қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын беруге 2 миллиард теңге бөлді.

 

Жұмыс істейтін жастар «Алматы жастары» қалалық бағдарламасына қатыса алады, соның арқасында 1 000 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

 

«Биыл біз тағы да 1000 жас отбасын қамтуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта олардың 772-сі пәтер алды», — деді Әміров.

 

Сонымен қатар, жұмыс істейтін 1050 жасты 5 жыл мерзімге жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қорытындылай келе, тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Алматы әкімдігі қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету қарқынын арттыратынын хабарлады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×