Now Reading
Сенат Қазақстанда әйелдерді ауыр және қауіпті жұмыстарға жіберу бойынша түзетулерді мақұлдады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сенат Қазақстанда әйелдерді ауыр және қауіпті жұмыстарға жіберу бойынша түзетулерді мақұлдады

Сенат Қазақстанда әйелдерді ауыр және қауіпті жұмыстарға жіберу бойынша түзетулерді мақұлдады

Қазақстан Парламентінің Сенаты екінші оқылымда әйелдерді ауыр және қауіпті жұмыстарға жіберу бойынша шектеулерді болдырмайтын заң қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

 

«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне түзетулер еңбек саласында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында әйелдердің еңбегін пайдалануды шектейтін, сондай — ақ әйелдердің ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жол бермейтін нормаларды алып тастауды көздейді»,-делінген “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

 

 

Бұдан басқа, Заңға түзетулер мыналарды көздейді: 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алмаған мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға тұрғын үй алуға кезектілікті сақтау; мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алу құқығы белгіленеді; онымен туыстық байланысына қарамастан, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін жәрдемақылар енгізу. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік пакетті ұсыну және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және басқа да нормалар қарастырылған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×