Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің қорытындысында заң жобасы Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында әзірленгені және Қазақстан Республикасының 16 заңнамалық актісіне түзетулер енгізуді көздейтіні атап өтілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне түзетулер ерлер мен әйелдердің еңбек саласындағы тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында әйелдердің еңбегін пайдалануды шектейтін, сондай-ақ әйелдердің ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жол бермейтін нормаларды алып тастауды көздейді.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңына түзету мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған, ол 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алмаған отбасыларға тұрғын үй алуға кезектілікті сақтауды көздейді.
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мүгедектігі бар балаларға Мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығы белгіленеді. Мүгедектігі бар балаларға жәрдемақы алу құқығына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектігі бар балалардың жасы 16 жастан 7 жасқа дейін төмендетілді. Еңбекке қабілеттілігін қайта куәландыру кезінде жәрдемақы төлеу мерзімдері нақтыланады. Мүгедектік бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне өзгерістер енгізілді.
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер «күтім жасайтын адам» деген жаңа ұғымды енгізуді көздейді, оған туыстық байланысына қарамастан бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға жатады. Күтім жасайтын адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде жәрдемақы алу құқығы беріледі. Бұл ретте 1-топтағы мүгедектігі бар адам және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс. Жәрдемақы тағайындаудың жалпы тәртібіне, оның ішінде күтім жасайтын адамға нақтылаулар енгізілді.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы «Қазақстан Республикасының Заңына түзетулермен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік пакетті ұсыну және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету көзделеді. Заңға кепілдік берілген әлеуметтік пакеттің құнын өтеуді реттейтін, табысы аз отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік пакет қызметтерінің құнын, бірақ кепілдік берілген соманың мөлшерінен аспайтын өтеу құқығын көздейтін жаңа бап енгізіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтер порталындағы кепілдендірілген әлеуметтік пакетті жеткізушілердің қызметін реттейтін «әлеуметтік қызметтер порталы» бабы енгізілуде.
«Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы «жеке көмекші», «оңалту», «ымдау тілі маманы» ұғымдарының жаңа анықтамаларымен толықтырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту жөніндегі жаңа өкілеттіктермен және мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын сыныптауышқа, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына және көрсетілетін қызметтерге сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау тәртібімен толықтырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктермен толықтырылады:
— әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану ережелері;
— мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы;
-мүмкіндігі шектеулі адамдарды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, оларды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы;
— мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі;
— тауарларды және (немесе) қызметтерді жеткізушілерді әлеуметтік қызметтер порталына жіберу, оларды тіркеу немесе әлеуметтік қызметтер порталына тіркеуден шығару қағидалары бекітілсін.
Заң жобасы мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуді көздейді. Мүгедектігі бар адамдарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық беріледі.
Заң жобасында әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды және (немесе) қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптар белгіленеді. Тауарларды және (немесе) қызметтерді жеткізушілердің әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу (тіркеуден шығару) рәсімдері регламенттеледі. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етуді реттейтін жаңа бап енгізіледі.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың түрлеріне өзгерістер енгізіледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған адамдардың көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны алуға құқығы бар.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулермен дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерінен туындайтын, организм функциялары тұрақты бұзылған, сондай-ақ егде жасына байланысты, басынан өткерген ауруы және (немесе) мүгедектік салдарынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар (отбасылар) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдау көзделеді.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріндегі құқықтық олқылықты жою мақсатында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттырулар ескеріле отырып, қызметтен шығарылған күнгі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін белгілейтін түзетулер енгізіледі.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының ставкаларына «0» түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерін, сондай-ақ төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылатын кезеңдегі қызметінің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алу кезеңдерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қосуды көздейді.
Бұдан басқа, заң жобасы шеңберінде мүгедектігі бар баланы күту мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту көзделіп отыр, бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсерін тигізеді.
Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакетті әлеуметтік қызметтер порталына ауыстыру қарастырылған. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен атаулылығын арттыруға бағытталған өзге де нормалар қосымша енгізілді.
Заң жобасын қабылдау мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауды, атаулы әлеуметтік көмекті және зейнетақымен қамсыздандыруды қоса алғанда, мемлекеттің базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуінің өзекті мәселелерін шешуді көздейді.