Now Reading
Атырау қаласында «Бақытты отбасы және тең қоғам» орталығы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырау қаласында «Бақытты отбасы және тең қоғам» орталығы ашылды

Атырау қаласында «Бақытты отбасы және тең қоғам» орталығы ашылды

Атырауда өзінің 381 жылдығын атап өткен қала күніне орай «Бақытты отбасы және тең қоғам» орталығы ашылды.

«Орталық бірінші кезекте мұқтаж отбасылардың, қарттар мен мүгедектіні бар адамдардың мәселелерін шешуге, оларға көмек пен қолдау көрсетуге арналған. Орталық оларға психологиялық және материалдық көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, «тең қоғам» қарт адамдардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету және мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар ұйымдастыратын болады. Отбасын қолдау орталығында 16 әлеуметтік кеңесші жұмыс істейді», — деді облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова.

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиеваның айтуынша, орталық келушілерді дүйсенбіден бастап қабылдауға дайын.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды тапсыру тұрғындарға қалалық жұмыспен қамту бөліміне баруға тура келді. Енді барлығы Сәтпаев даңғылы, 23 мекен-жайында орналасқан», — деді Нұрлы Хабиева.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...