Now Reading
Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі омбудсменнің өкілеттіктері кеңеюде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі омбудсменнің өкілеттіктері кеңеюде

Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі омбудсменнің өкілеттіктері кеңеюде

Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтарын кеңейту жоспарлануда. Парламент Мәжілісі тиісті заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Мәжіліс отырысында депутат Арман Қожахметов хабарлағандай, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, оның өңірдегі өкілі мәртебесін, сайлау және қызметтен босату тәртібін, қызметтің қағидаттары мен кепілдіктерін, сондай-ақ оның өкілеттіктерін реттейтін негізгі ережелерді айқындау арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ, мәжілісмендер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Оның айтуынша, нормалар адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сотқа талап арызбен жүгіну өкілеттіктерін кеңейтуге, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге және оның аймақтағы өкілін анықтауға мүмкіндік береді.

«Заң жобасын қабылдау Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Қожахметов.

Бұдан басқа, адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы түзетулер жобасын қарау жоспарлануда.

«Аталған заң жобасы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге иммунитетті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл адам құқықтарын қорғау бойынша өз өкілеттіктерін сапалы және тиімді орындауға ықпал етеді», — деп толықтырды Қожахметов.

Депутат сондай-ақ «адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша Салық кодексіне толықтыру енгізу туралы» заң жобасымен адам құқықтары жөніндегі уәкіл беретін талап арыздың мемлекеттік бажынан босату туралы толықтыру енгізілетінін айтты.

«Заң жобасы Қазақстан Салық кодексінің нормаларын «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Ілеспе заң жобасымен адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімімен немесе іс — әрекеттерімен бұзылған шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін сотқа талап арыз беру мүмкіндігі бөлігінде түзетулер енгізілді», — деп хабарлады мәжілісмен.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×