Now Reading
Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде Ақмола облысынан өнімдер ұсынылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде Ақмола облысынан өнімдер ұсынылады

Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде Ақмола облысынан өнімдер ұсынылады

30-31 қазанда «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда осы маусымда Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, сондай-ақ елорда кәсіпкерлерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 

Елордалық жәрмеңкеде өңірдің 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 350 миллион теңге сомасына 460 тоннадан астам өнім ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары ақмолалық өндірушілердің 50-ден астам азық-түлік атауын сатып ала алады. Облыс аграршылары 123 тонна ет және шұжық өнімдерін, 50 тонна сүт және сүт өнімдерін, 8 тонна жаңа балық, 394 мың дана жұмыртқа, 13 тоннадан астам ұн, 164 тонна картоп, 54 тонна көкөніс, 3 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін және 3 тонна басқа бакалея өнімдерін әкеледі.

 

Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдерінен басқа жеміс ағаштары мен бұта тұқымдарының көшеттері, ағаш бұйымдары сатылады. Азық-түлік бағасы нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен болады. Жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

 

Елордада ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×