Now Reading
Мәжілісмен Еңбек министрлігінде өткен митингке қатысты пікір білдірді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мәжілісмен Еңбек министрлігінде өткен митингке қатысты пікір білдірді

Мәжілісмен Еңбек министрлігінде өткен митингке қатысты пікір білдірді

«Жыл соңына дейін «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заң жобасы күтілуде. Заң жобасының тұжырымдамасын көрдік. Тұжырымдаманың негізгі ұстанымы – мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтардың баспана алуы үшін жалға берілетін тұрғын үй қажет. Алдағы уақытта оларға жалдамалы баспана ғана берілетіні талқыланып жатыр. Мүгедектігі бар жандардың жекешелендіру құқығымен ең болмағанда жалдамалы баспана алуы тиіс  — менің депутат ретінде ұстанымым осы. Қазір біз бұл мәселені талқылап жатырмыз», — деді Бейсенбаев. 

Депутаттың айтуынша заң жобасын әзірлеуші Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады. «Осы заң жобасы аясында біз кезекте тұрған мәселелерді шешеміз. Жоғарыда айтқанымдай, қазір мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен мүгедектігі бар жандарды қосқанда 570 мыңнан астам адам кезекте тұр. Енді осы заң жобасы аясында менің ұсынысым, халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген азаматтарына пәтерлерді жекешелендіруге мүмкіндік беру керек. Бұл мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектігі бар жандар, сондай-ақ жетім балалар. Біз өзімізді демократиялық, әлеуметтік мемлекетпіз деп есептейтін болсақ, бұл жүкті мемлекет өз мойнына алуы керек деп есептеймін», — деді Бейсенбаев.

 Мәжілісмендердің болжамы бойынша, келесі жылдың соңына дейін жаңа заң жобасы депутаттардың талқылауына шығарылады. Парламентарий Еңбек министрлігінде митингіге шыққан белсенділерді ынтымақтастыққа шақырады. 

25 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кіреберісінде Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Қызылорда және СҚО-дан келген түрлі топтағы мүгедектігі бар жандар митингке шықты. Олар мүгедектік бойынша жәрдемақы көлемін екі есеге көбейтуді және жекеменшікке тегін баспана беруді, сондай-ақ еңбек және денсаулық сақтау министрлері мен елорда әкімінің отставкаға кетуін талап етті. 

13 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мүгедектігі бар жандар мен олардың отбасыларына жәрдемақылардың жаңа түрлерін енгізуді және өмір сүру жағдайын жақсартуды көздейтін заңға қол қойды. Құжатта мүгедектік себебіне қарамастан I топтағы мүгедектігі бар қазақстандықтарға күтім жасайтын азаматтарға жәрдемақы енгізу көзделген. 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×