Now Reading
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары жаңа жәрдемақы ала бастайды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары жаңа жәрдемақы ала бастайды

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары жаңа жәрдемақы ала бастайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысына қатысушыларды азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі Қазақстанның тәжірибесі туралы хабардар етті.

 

«Ағымдағы жылдың 12 қазанында Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңның негізінде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің жұмыс тобы мүшелерінің, Үкімет жанындағы мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ жұртшылық пен сараптама қоғамдастығының ұсыныстары жатыр. Заң 19 тұжырымдамалық түзетуден тұрады және 16 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді. Келесі айдан бастап мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары жаңа жәрдемақы ала бастайды, жаңа енгізілімдерді сезіне бастайды», – деп бөлісті Ақмәди Сарбасов.

 

Аталған Заңда көзделген нормалар туралы айта келе, бірінші вице-министр «әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» және «инклюзивті білім беру туралы» тағы екі заңның қабылданғанын хабарлады.

 

«Олардың біріншісі әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымын, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі міндеттері мен санаттарын, әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін беру тетігін айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың ауқымды шараларын көздейді. Тұтастай алғанда, заң мүгедектігі бар адамдардың іскерлік белсенділігін де, жұмыспен қамтылуын да ынталандыруға бағытталған. Білім Министрлігінің бастамасы бойынша қабылданған екінші заң оқытудың барлық деңгейлерінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға бағытталған. Өзгерістер мен толықтырулар білім туралы, Бала құқықтары туралы, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңдарға енгізілді», — деді ол.

 

Ақмәди Сарбасов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясына факультативтік хаттаманы ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тиісті заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...