Now Reading
Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы ашылды

Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы ашылды

Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, оларға консультациялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі орталық жұмыс істей бастады. Барлық қызметтер тегін.

Орталықта жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша виртуалды мемлекеттік сервистермен жұмыс істеуге көмектеседі, цифрлық қолтаңба алуға, сондай-ақ қажетті қызметті ресімдеуге көмектеседі.

«Мүгедектігі бар адамға шұғыл әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау алу үшін құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, жұмысқа орналасу мәселелері және т.б. қажет болуы мүмкін, біз әлеуметтік қызметтер мен жұмыспен қамту өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, орталықтың жұмыс жоспары әзірленді. Жақын арада жұмыспен қамту орталығының, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қабылдайды деп үміттенеміз, сондай – ақ заң консультацияларын өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Қарағанды облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сундиталиев.

Орталық qaмqor PLUS мүгедектігі бар жандар қоғамдық бірлестігінің жанында жұмыс істейді. Қолдау орталығы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 65/2 мекенжайы бойынша орналасқан. Жұмыс уақыты сағат 09: 00-ден 16: 00-ге дейін. Сұрақтарды 51-25-93 телефоны бойынша қоюға болады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...