Now Reading
2021 жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға 320 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2021 жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға 320 мыңнан астам қызмет көрсетілді

2021 жылы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға 320 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Басынан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 236 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға оңалтудың техникалық құралдары, 6 мыңнан астам адамға ымдау тілі қызметі, 33 мыңнан астам адамға жеке көмекшінің қызметтері, 52 мыңға жуық адамға санаторий – курорттық емдеу көрсетілді. Сондай-ақ, портал арқылы кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерге 195 мың тапсырыс рәсімделді.

 

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген техникалық оңалту құралдарын жеткізу немесе өздігінен алып кету арқылы алуға болады.

 

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

 

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 865 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), оңалтудың техникалық құралдарын 158 жеткізуші, 15 мыңнан астам жеке көмекші, 257 ымдау тілі, 72 санаторий-курорттық емдеу қызметтерін жеткізуші, кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың 135 жеткізушісі тіркелген.

 

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспар шеңберінде көзделген.

 

Порталды пайдалану бойынша кеңесті қолдаудың байланыс-орталығынан алуға болады, оған тілді таңдап және 5 санды басу арқылы бірыңғай 1414 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×