Қарағанды облысының әрбір тұрғыны үшін спортпен айналысу үшін жағдай жасау бейіндік басқармада көзделуде. Өңірде мүмкіндігі шектеулі төрт мыңға жуық адам спорт секцияларына барады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев өңірдің спорттық ұйымдарында мүгедектігі бар адамдар үшін қандай жағдайлар жасалатыны туралы айтып берді. Бүгінгі күні облыста ерекше қажеттіліктері бар 3 856 адам спорт секцияларына қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасына 90 спортшы кіреді.
Облыста мүгедектігі бар адамдар спортынан мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді, онда 440 адам шұғылданады. 20-дан астам жаттықтырушы 16 спорт түрі бойынша спортшыларды дайындайды. Мүгедектігі бар адамдардың ішінен төрт адам ҚР спортының еңбек сіңірген шеберлері болып табылады, 12 – сі «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Спорттық атағына ие, 38-і ҚР спорт шебері, 35-і спорт шеберіне үміткер, 44-і бірінші разрядқа ие. Екі спортшы Токио Паралимпиада ойындарына лицензия жеңіп алып, онда лайықты өнер көрсетті – бұл Әлия Рахымбекова (жүзу) және Дастан Мұқашбеков (жеңіл атлетика).
«Бұл салада да проблемалар бар: олардың бірі – жаттықтырушы кадрлардың жетіспеушілігі және спорт нысандарына қолжетімділіктің болмауы. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға қаражат қажет. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеу үшін жаттықтырушыларды оқытуға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды спортпен айналысуға тартуға мүмкіндік береді. Біз осы бағытта жұмыс істейміз», — деп атап өтті Темірхан Абылаев.