Now Reading
Ақмола облысының Сандықтау ауданында инклюзивті білімді қолдау кабинеті ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмола облысының Сандықтау ауданында инклюзивті білімді қолдау кабинеті ашылды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында инклюзивті білімді қолдау кабинеті ашылды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды.

Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Сандықтау ауданындағы маңызды оқиға Балкашино кентіндегі No1 орта мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылуы болды.

«Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету – «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Кедергісіз келешек – будущее без барьеров» жобасының және «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі, — деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Инклюзивті білім беру – бұл ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ететін барлық балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделу тұрғысынан білімнің барлығына қолжетімді болуын көздейтін жалпы білім беруді дамыту процесі», — деп атап өтті министрлік.

Мектеп оқушылары енді жалпы білім беретін сыныптағы негізгі оқу-тәрбие процесін үзбей, өз қажеттіліктеріне сай көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

Кабинет мамандары, яғни дефектолог, логопед, педагогикалық психологтар, әлеуметтік педагогтар, мұғалімнің көмекшісі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырады. Олар жеке даму бағдарламасын әзірлейді, осы бағдарлама бойынша балаларды оқытады және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына консультациялық көмек көрсетеді.

«Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінде 0-4 сынып аралығындағы 10 оқушы бар. Балалар жалпы білім беру сабақтарына қатысады және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша қысқартылған және бейімделген оқу жоспары бойынша оқытылады», — деп атап өтті басқармада. 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...