Now Reading
Баспана мәселесі: семейлік зағип Азия чемпионы спорт клубында тұрады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Баспана мәселесі: семейлік зағип Азия чемпионы спорт клубында тұрады

Баспана мәселесі: семейлік зағип Азия чемпионы спорт клубында тұрады

Осыдан он жыл бұрын көзі көрмей қалған Семей тұрғыны Ағабек Әбілқасимов қатты күйзеліске ұшырады. Бірақ спорт оны белсенді өмірге қайтарды. Күні кеше ғана Ағабек Әбілқасимов армрестлингтен Азия чемпионы болып туған қаласына оралды.

Қазіргі таңда спортшы спорт клубында тұрады. Чемпионның ешқашан жеке баспанасы болмаған.

58 жастағы Ағабек Әбілқасимов Семейде туып-өскен. Мектептен кейін ол дәнекерлеуші мамандығын алды, Қиыр Шығыстағы жағалау әскерлерінде әскерде болды. Үйленген, көп жылдар үздіксіз жұмыс істеген.

Бірақ оның әйелімен бірлесіп отырып тапқаны қаланың шетіндегі шағын үйді жалдауға ғана жететін — Семейдің орталық аудандарында пәтер жалдау оңай емес еді.

Жалдау ақысын үнемдеу үшін олар жиі ауылға немесе алыстағы қыстақтарға барып, қосымша ақша тауып, уақытша баспана жалдауға ақша төлемеуге тырысатын.

Осындай қыстаулардың бірінде Ағабек Әбілқасимовтың өмірін күрт өзгерткен оқыс оқиға болған.

2013 жылдың қарашасында аттан құлап көзіне төрт рет ота жасауға тура келеді. Бірақ дәрігерлер қанша тырысқанымен, науқастың көзінің көруі қайта қалпына келмейді, оған бірден бірінші топтағы мүгедектік беріледі.

«Әйелім екеуміз бірден Семейге көшіп келдік, Кирпичный кентінде үй жалдадық. Бірақ мен үшін бұл кезде өмір біткен сияқты болды. Екі жыл бойы мен бөлмеден шықпадым. Менде терең депрессия болды» деп еске алады Ағабек Әбілқасимов. Олар оның мүгедектігі бойынша жәрдемақысына және әйелінің кейде ғана тауып қалатын табысына өмір сүрді.

Спорт құтқарды

Қайғылы оқиғадан кейін екі жыл өткен соң ғана Ағабек алғаш рет далаға шығып, ауланы аралауды ұйғарады. Кейінірек Семей қаласындағы соқырлар қоғамының мүшелерімен кездесіп, олардың клубына бара бастады.

Дәл осы жерде көмек қолын созушылар да табылады. Дәл өзі сияқты соқыр немесе нашар көретіндер басарына түскен бақытсыздықты жеңіп, өмірлерін жалғастырып жатты. Ол бірте-бірте қала ішінде таяқпен жүруге үйреніп алады. Тіпті зағип ойыншылар үшін арнайы жасалған шахмат, дойбы, домино ойнауды да үйренеді.

Бірақ клубтағы жиындар Ағабек Әбілқасимовқа толық қанағат сезімін сыйламайды. Ол табиғатынан өте белсенді, көп физикалық күш жұмсап, жинақталған энергияны барынша жұмсауға үйреніп қалған. Содан кейін клубтағы достары оған Семейде пауэрлифтингпен тегін айналысатын спорт үйірмесі бар екенін айтады. Соның нәтижесінде өзін түрлі салада сынап көрген Ағабек штанга көтеруді таңдайды. Жұлқа көтеруде штанганы көтеруге тізесі шыдамайды.

Жүктемені бірте-бірте арттыра бастаған жаңадан келген спортшы мүгедектігі бар спортшылардың жарыстарында өз шеберлігін көрсететін кез келді деп ойлай бастады. Бірақ пауэрлифтингте ереже өзгеріп, штанганы жұлқынып көтерген триатлонға қатыса алмай қалады.

Шешім өте тез табылады. Армрестлингпен айналысатын спортшылармен кездеседі. Бұл спортта қолдың күші маңызды, ал аяқтар тек сенімді тірек рөлін атқарады.

«Жаңа спортқа көшу мен үшін ең дұрыс шешім болды. Мен бұл спорт маған нағыз керек спорт екенін түсіндім», — деп мойындайды Азия чемпионы.

Бірақ чемпиондық жол оңай болған жоқ. Бұл көптеген жылдар бойы жаттығулар мен әртүрлі деңгейдегі жарыстарды қажет етті. Ағабек Әбілқасимовтың 27 медаль мен халықаралық жарыстардың сертификаттары бар. Олардың ішінде әр жылдардағы Азия чемпионатының алтын және күміс медальдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс медальдері ең бағалы.

Зағип жандарға жұмыс табу қиын

Осыдан төрт жыл бұрын әйелі қайтыс болып, Ағабек енді жалғыз өзі бір үйді жалдай алмай қалды. Өзіне тапқан ең жақсы орын – Семейдің шетіндегі жүк тасушыларға арналған жатақханадағы бөлме.

Осы жылдың наурыз айының басына дейін бапкері, облыстың Армрестлинг федерациясының президенті Абай Төлеген Сағатаев үйіне барғанша сол жерде тұрып келген. Жатақхананың ылғалдан көгергенін көріп Ағабектің пневмония мен туберкулезге шалдықпауы үшін оны спорт клубына орналастырады.

Бірақ маңызды жарыстар алдында оқу-жаттығу жиыны кезінде клубқа келетін спортшылармен үнемі ортақ бөлмеде тұру 58 жастағы бірінші топтағы мүгедектігі бар жан үшін оңай шаруа емес. Қалауынша демалатын, жалғыз болатын, ойларын жинақтайтын өзінің жеке бұрышының болғанын қалайтыны анық.

Міне Ағабек Әбілқасимов екі айдан бері клубта тұрып жатыр. Федерацияда массажист болып жұмыс істейді.

2019 жылы «Зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Семей қаласында әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, оның аясында семейлік зағиптар және нашар көретіндер тобы Д.Қалматаев атындағы Мемлекеттік жоғары медициналық колледжге оқуға түсуге мүмкіндік алды. Ол колледжді тәмамдап, кәсіби массажист дипломын алды.

Ағабек Әбілқасимов екі жылға жуық оқыды, соның ішінде пандемияның қиын кездерінде студенттер жатақханасында тұрып оқыған болатын. Студент болып тіпті шәкіртақы да алған.

Алайда қолына диплом алған маман ұзақ уақыт жұмыс таба алмаған. Семейдегі жұмыс берушілер зағип жанды жұмысқа алуға асықпаған.

2021 жылы Семейдегі алғашқы әлеуметтік кәсіпкер Еркежан Тұрсынбаевамен танысады. Еркежанның массаж салондарының желісі болды, онда көп балалы немесе жалғызбасты аналар, мүгедектігі бар жандар және жұмысқа мұқтаж, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар жұмыс істеген. Ағабек те жұмысқа алынып бірден жұмысқа кіріседі. Алайда біраз уақыттан кейін Еркежан тұрмысқа шығып, Шымкентке кетеді. Ал Ағабек болса жұмыссыз қалды.

Алайда Еркежан Тұрсынбаева «Семей-Хиросима» қоғамдық қорында жұмыс істей жүріп, мұнда өз проблемалары мен тұрғын үйдің өткір тапшылығы туралы айтып үлгереді.

Қор Ағабек Әбілқасимовқа әлеуметтік жұмыс орнын ұсынып, қазір Ағабек аз да болса жалақы алып отыр. Бірақ басты мәселе – баспана болып қала береді.

Ағабек бірінші топтағы мүгедектігі бар болғандықтан баспана алу үшін қалалық кезекте тұр. Бірақ Әбілқасимов тұрған тізімде өзі сияқты әлеуметтік жағынан осал 1300-ден астам отбасы бар.

«Кейде пәтер жалдауға мүмкіндігім болса да, пәтер иелері менің көмекшісіз жалғыз тұратынымды білген бойда пәтер ұсынудан бас тартады, олардың үйінің немесе пәтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймын деп қорқады. Тазалауды өзім жасаймын, тамақты да істей аламын, – дейді Ағабек.

 

Чемпион қайда тұрады?

Жақын арада жалдамалы үйдегі бір бөлмелі пәтерге кезек күтудің қажеті жоқ.

«Баспана халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының алты бөлек санатына бөлінген. Семейде 1500-ге жуық көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр. Бұл ретте жалдамалы үйлерден жылына 150-ден аспайтын пәтер бөлінеді», — деді Семей қалалық мәслихатының депутаты Шолпан Мулдағалиева.

«Семей-Хиросима» қоғамдық қоры ең беделді халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайтын азамат спортпен айналысып қана қоймай, жайлы жағдайда өмір сүруі үшін Ағабек Әбілқасимовқа бір бөлмелі пәтер сатып алуға қаражат жинау акциясын жариялағалы отыр.

Тамыз айының соңында бұл акция басталып кетпекші. Мүмкін тағдыры қиын соқыр спортшы бір-екі айдан кейін әлем чемпионы атанатын шығар?

Ал Ағабек аға қызу дайындық үстінде. Оның күні минуттарға дейін жоспарланған. Таңертең тұрғаннан кейін бірден таңғы ас алдында ол күш жаттығуларының бірінші курсын өткізеді. Сосын күндіз кешке дейін жаттығуларын бірнеше рет қайталайды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×