2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге республикалық бюджеттен 257,9 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 66,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«2021 жылдың қазан айында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 25,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 6,7 млрд теңге бөлінді. 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 524,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 149,7 мың адамды құрайды», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, асыраушысы қайтыс болған асырауындағы жандар санына, сондай-ақ «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты.
2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 48 690 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – 44 793 теңгені құрады.