Now Reading
Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев әлем чемпионы атанды!
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев әлем чемпионы атанды!

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев әлем чемпионы атанды!

Қазақстандық спортшы, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Дегтярев салмағы 178 келі болатын штанганы көтеріп, ерлер арасында 54 келіге дейінгі пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды.

 

Екінші орынды Қытай спортшысы Ян Джинглан (172 кг) және үшінші орынды Мысыр спортшысы Абделмажид Таха (161 кг) иеленді.

 

«Мен өз нәтижеме өте қуаныштымын және ризамын. Біз әлем чемпионатының алдында жақсы дайындалдық. Токио 2020 — дан кейін мен демалып, күш ала алдым. Бірінші раундта ол 175 кг, екінші раундта 178 кг және үшінші раундта 186 кг көтерді, бірақ соңғы салмақ техникалық себептерге байланысты есептелмеді. Жаттықтырушыға, отбасыма, достарыма, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетіне және бүкіл Қазақстан халқына маған көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді», — деп жеңімпаз өз сезімімен бөлісті.

 

Естеріңізге сала кетейік, пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты 2021 жылдың 27 қарашасы мен 6 желтоқсаны аралығында Тбилиси қаласында (Грузия) өтуде. Оған әлемнің 68 елінен 400-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан намысын 26 паралимпиадашы қорғайды, оның ішінде 6 спортшы пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуда.

 

Қосымша ақпарат алу үшін ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің жұртшылықпен байланыс департаментіне 7 707 145 57 34, 79-04-13 (ішкі. 112).

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...