Түркияда 2021 жылдың 18-29 қарашасы аралығында 100 шаршылық халықаралық шашки бойынша нашар көретін және зағип шашкишілері арасында әлем чемпионаты өтті.
Әлем чемпионатына Германия, Қазақстан, Польша, Ресей, Өзбекстан, Украина, Түркия елдері қатысты.
Қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды, оның екеуі алтын, біреуі күміс, екеуі қола.
Қазақстан атынан Юрий Носов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматы облысы (жаттықтырушы Айрат Нұрғазиев, Алматы); спорт шеберлері – Сергей Мигай (Қарағанды), Данил Гайнулин (жаттықтырушы Маханбет Абдурахманов, Павлодар қ.), Жанымхан Болат және Зинятқыз Нүсіпбаева (жаттықтырушы – Марат Құрманбеков, Алматы).
Классикалық ойын бойынша көзі нашар көретін ерлер арасында Юрий Носов, 23 жасқа дейінгі нашар көретіндер арасында Данил Гайнулин жеңімпаз және жылдам жылдамдықта Болат Жанымхан екінші, Зынятқыз Нүсіпбаева көру қабілеті нашар әйелдер арасында үшінші болды.
29 қарашада Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Дегтярев ерлер арасында парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақтағы штанганы 178 келі көтеріп, әлем чемпионы атанды.