Now Reading
Кентау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған жандар жылу берілмеген 10 жаңа үйге қоныстандырылған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Кентау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған жандар жылу берілмеген 10 жаңа үйге қоныстандырылған

Кентау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған жандар жылу берілмеген 10 жаңа үйге қоныстандырылған

Кентау қаласында 600 отбасы қыста жылусыз қалды. Көпбалалы отбасылар мен көптен күткен баспана кезегінде тұрған мүмкіндігі шектеулі жандарға биыл 10 жаңа ғимараттағы шаршы метрлер үлестірілді. Ал кейінірек үйлердің орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмағаны белгілі болған. 

Фарида Есентаеваның көп балалы отбасы биыл үш бөлмелі пәтер алған. Бірақ ауа-райы салқындағаннан бері барлығы бір бөлмеге көшіп алған. Пәтерде жылу тек бір электр жылытқышы арқылы қамтамасыз етіледі.

Әйел балаларды қараусыз қалдырмау үшін тіпті жұмыстан шығуға мәжбүр болғанын айтады. Пәтердегі электр кернеуі үнемі өсіп тұрады және бұл қауіпті.

«Алты адамға, үш бөлмеге бір жылытқыш берді. Ол әрқашан қосулы тұрады. Есептегіш жоғары жылдамдықпен айналады. Мұндай жағдайда бәрін қараусыз қалдыруға қорқамыз», — дейді Фарида Есентаева.

Биыл кезекте тұрғандарға бірден 10 жаңа үйден пәтер берілді. Бірақ олар жергілікті ЖЭО-ға қосылмаған.

Жобалаушылар ойлағандай, мұнда жылыту газ болуы керек болған. Бірақ ол қалада жоқ.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шенеуніктер газ құбырын күз басталмай тұрып өткіземіз деп, кейін қарашаға дейін күтуді сұраған. Бірақ қыс басталғалы олар жұмысты аяқтап үлгермеген.

«Біздің үйдің тұрғындары үнемі шенеуніктерге барып, газ қашан болады деп сұрайды. Шенеуніктерден нақты жауап болмайды, мүмкін жылу болады, мүмкін болмайды, жұмыс жүріп жатыр деген жауаптарымен шығарып салады. 

Біз, әрине, бәрі созылып кетеді деп ойлаған да жоқпыз. Ертең аяз келеді, біз мұнда қалай өмір сүреміз?» – деп ашуланады Айсұлу Отжанова.

Қалалық әкімдік Кентауды газдандыру шынымен де кешіктірілгенін мойындап отыр. Үнемі қандай да бір қиындықтар туындап отырады.

Бірақ шенеуніктер адамдардың өздері кінәлі деп сендіреді. Олар жаңа пәтерлерге көшуге асыққан.

«Бұл жерде газ болмағандықтан, біз бұл үйлерді әзірге азаматтарға бермеуді жөн көрдік. Бірақ Кентау қаласының тұрғындары үйлердің пайдаланылмай жатқанына және неге тұрғындарға бермей жатқаныңызға наразы бола бастағандықтан, біз оларды үй кезегінде тұрғандарға беруге мәжбүр болдық», – деп түсіндіреді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақов.

Шенеуніктердің айтуынша, енді қалалық магистралды орталық газ құбырына қосу жұмыстарын аяқтау қажет.

Осымен қатар екі жыл бұрын тартылған орамішілік желілерді жөндеу қажет. Осы уақыт ішінде құбырлардың біразын тонаушылар бұзып тастаса, кейбірі жарамсыз болып қалған.

Енді жыл соңына дейін қалаға газ тарту жоспарда бар. Ал бұл үйлерге жылу қаңтар айында ғана жетеді. 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×