Now Reading
Павлодар облысының мектеп-интернаттары мен арнайы мектептерінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодар облысының мектеп-интернаттары мен арнайы мектептерінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды

Павлодар облысының мектеп-интернаттары мен арнайы мектептерінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды

Павлодар облысында жетім балалар баспана кезегінен шығарылған, арнайы мектеп оқушыларынан тамақ үшін ақы алған, мүгедектігі бар балалар киіммен толық қамтамасыз етілмеген. Өңірдегі мектеп-интернаттар мен арнайы мектептердегі көптеген заң бұзушылықтарды прокурорлар әшкереледі. Нәтижесінде елуге жуық шенеунік әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылған.

   Павлодар прокурорлары облыстың үш мыңнан астам бала оқитын 18 мектеп-интернаты мен арнайы оқу орындарын тексерді.

«112 оқушыдан мектеп тамағының ақысын заңсыз алу фактілері анықталды, 71 мүмкіндігі шектеулі бала талап етілетін киім-кешекпен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар оқытушыларды наркологиялық, психодиспансерлерден қажетті анықтамасыз жұмысқа қабылдау, мектепке дейінгі білім беруді сәйкес лицензиясыз жүзеге асыру, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзу фактілері анықталған», — деді Павлодар қалалық қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы Асхат Қоқымбаев.

Барлық фактілер бойынша прокурорлық ден қою актілері шығарылып, 47 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қадағалаушыларды тексеру Павлодар облысында жетім балалардың баспана кезегінен негізсіз шығарылғанын көрсетті.

«Екібастұзда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды, оның ішінде толық емес отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарды баспана тізімінен заңсыз шығарудың 30-ға жуық фактісі анықталды. Уәкілетті органдар баспанаға мұқтаж жандар тізімін жинақтау жұмыстары тиісінше жүргізілмеуде, тізімде меншік құқығында елді мекендерде баспанасы бар адамдар анықталған. Сондай-ақ қалдық құнын нақты төлемей жекешелендірілген тұрғын үйге меншік құқығын рәсімдеу фактілері де аз емес», — деді Қоқымбаев.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×